15.01.2014, 19:35 3298

Чехия елшісі Бедржих Копецкидің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталды

Чехия елшісі Бедржих Копецкидің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталды

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Чех Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Бедржих Копецкимен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекеттік хатшы ынтымақтастыққа және қазақ-чех қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Чехия елшісіне алғыс айтты", - делінген хабарламада.

М.Тәжин екі елдің өзекті халықаралық мәселелер жөнінде ұстанымдары ұқсастығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық аясын кеңейту жөніндегі жаңа базалық келісімді әзірлеуге орай екіжақты байланыстарды сапалы жаңа деңгейге шығаруға алғышарттардың бар екенін айтты.

Иңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың оң ахуалы мен перспективаларын қанағаттарлықпен атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны