17.12.2017, 19:21 7189

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы Үкімет тарапынан бекітілді

Бағдарламаныӊ басты мақсаты - цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасыныӊ бәсекелестігін және халық өмірініӊ сапасын арттыру.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2017 жылдыӊ 12 желтоқсанындағы № 827 қаулысымен "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаныӊ басты мақсаты - цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасыныӊ бәсекелестігін және халық өмірініӊ сапасын арттыру.

Жобаны жүзеге асыру екі жолмен жасалады деп жоспарлануда. Олар: орташа мерзімді келешекте "Қазіргі экономиканы цифрландыру" және ұзақ мерзімді келешекте "Болашақтыӊ цифрлық индустриясын құру".

Бағдарлама аясында жоспарланған 120 іс-шара цифрлік саланыӊ экономиканыӊ жаӊа саласы ретінде іргетасын қалап, басты бес бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. Олар: "Экономика салаларын цифрландыру", "Цифрлық мемлекетке көшу", "Цифрлық жібек жолын іске асыру", "Адами капиталды дамыту", "Инновациялық экожүйені құру".

Бағдарлама аясындағы іс-шаралар нәтижесінде экономика салаларындағы еӊбек көрсеткіштерініӊ өсімінен бөлек, 2022 жылға дейін электрондық сауда-саттықты жалпы сауда-саттық көлемініӊ 2,6% дейін өсіру, цифрландыру арқасында 300 000 жаӊа жұмыс орындарын ашу, интернет желісін пайдаланушылар үлесін 82% дейін, ал халықтыӊ цифрлық білімділігін 83% арттыру жоспарлануда.

"Цифрлық Қазақстан" адам өмірніӊ барлық салаларын қамти отырып, мемлекетіміздіӊ әрбір тұрғыныныӊ өмір деӊгейін жоғарылатуды көздегендіктен бағдарлама пайдасын халық, кәсіпкерлік субьектілері және Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік органдары көреді. Алдын-ала белгілі болған есептеу бойынша 2025 жылға қарай экономиканы цифрландырудан болатын тікелей әсер 1,7 - 2,2 трлн. теӊге көлемінде қосымша баға жасауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны жүзеге асыру мемлекет басшысыныӊ "Қазақстан-2050" стратегиясында алға қойған бәсекелестігі жоғары 30 мемлекет қатарына 2050 жылға қарай енуіне жол ашатын басты фактор болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны