04.07.2014, 20:12 2712

Д.Мыңбай: Біздің жәдігерлер өзге музейлердің қызығушылығын тудырып отыр

Біздің жәдігерлер өзге музейлердің де қызығушылығын тудырып отыр, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті данындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Біздің жәдігерлер өзге музейлердің де қызығушылығын тудырып отыр, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті данындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай.

"Біз 2 ресей көрмесін өткіземіз. Кеше ғана олармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Ол әлемді аралап көптеген көрме ұйымдастырып жүрген Мемлекеттік музей-көрме орталығы. Олар бізге төрт ғасырдағы Ресей суретшілерінің 90 шығармасын алып келді. Олардың арасында көптеген шедеврлер бар. Ал екіншісі Ресей этнография музейі. Олар да Ұлы Жібек жолы бойынша ерекше туындыларға ие. Олармен біз алмаса отырып бірге жұмыс істейтін оып келістік", - дейді Д.Мыңбай.

Оның айутынша, қазақстанық экспонаттар өзге музейлердің де қызығушылығына ие болып отыр. Музейлер арасындағы тығыз байланыс халықтардың жақындасуы мен бірін-бірі тануына мүмкіндік береді.

"Есесіне біз олардың 80 жылдығына өз көрмемізді апарып, олардың қызығушылығын тудырған жәдігерлерді жетуізуді сұрап отыр. Осы тұрғыда біз болашақта ауқымды жұмыстарды жоспарлап отырмыз", - дейді.

Оның пікірінше, музейдің визиттік карточкасы ретінде Есіктен табылған "Алтын адамды" атай аламыз. Ол Қазақстан аумағында өмір сүрген б.з.д 7-3 ғасырларға тән адамның бейнесі екені белгілі.

"Алтын адам бүгінде Қазақстанның символына айналды. Ол заңды да. Сонымен қатар, музейде Тақсай ханшайымы, Сайрам қазынасы секілді алтын мен бағалы тастардан құралған құнды дүниелер баршылық. Олар қазіргі таңда музейдің көзіріне айналды", - дейді ҚР Ұлттық музейінің директоры.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны