09.02.2019, 00:00 29486

Дәрі-дәрмектерді егу кезіндегі медициналық қызметкерлердің әрекеттерін реттейтін бұйрық күшіне енді

Бұйрық халықаралық стандарттарға сәйкес пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аллергиялық реакциялардың алдын алу мақсатында медициналық дәрі-дәрмектерді енгізу кезіндегі медициналық қызметкерлердің әрекеттерін реттейді.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі "Қазақстан Республикасында аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 маусымда № 446 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрыққа қол қойды.

Бұйрық халықаралық стандарттарға сәйкес пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аллергиялық реакциялардың алдын алу мақсатында медициналық дәрі-дәрмектерді енгізу кезіндегі медициналық қызметкерлердің әрекеттерін реттейді.

Дәрі - дәрмектерді (әсіресе антибиотиктер, анестетиктер, миорелаксанттар, нейролептиктер, антикоагулянттар, ақуыз немесе сарысу негізіндегі препараттар, рентгенконтрасты заттар) қолдана отырып, медициналық көмек көрсетудің кез келген кезеңінде қолдануға мүмкіндік беретін,пациентті ауыр аллергиялық реакциялардың дамуынан қауіпсіздендіретін, дәрілік аса жоғары сезімталдықты диагностикалау үшін түсіну және қолданудың қарапайым алгоритмі ұсынылған.

Таблеткалы препараттарды тағайындаудан бастап реанимацияда ауыр жағдайларға дейін әр түрлі жағдайларда қолданылуға мүмкін болатын, дәрі-дәрмектік аса жоғары сезімталдықты диагностикалау әдісін таңдау жолдары ұсынылған.

Республикада алғаш рет бастапқы иммундық тапшылық күдігі бар пациенттерді жіберу алгоритмі бекітілді, ол пациенттердің осы ауыр санатына уақытылы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Осы бұйрық 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіні және 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде бекітілгенін атап өту қажет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны