17.10.2008, 16:39 1673

Дағдарысқа қарамастан, Қазақстан қалыпты экономикалық режімде жұмыс істеп жатыр, ахуал тұрақты - президент

Дағдарысқа қарамастан, Қазақстан қалыпты экономикалық режімде жұмыс істеп жатыр, ахуал тұрақты - президент

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Дағдарысқа қарамастан, Қазақстан қалыпты экономикалық режімде жұмыс істеп жатыр, ахуал тұрақты. 17 инфрақұрылымдық жоба, 28 өндірістік жоба 50 млрд. долларға қаржыландыру қарсаңында тұр. Бұл үдеріс жалғасады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше республикалық телеарналардың басшыларына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Президенттің атап өткеніндей, тұтастай алғанда, бүгінгі ахуалды тұрақты деуге болады. "Барлық банктеріміз өздерінің міндеттемелерін табысты орындауда, дефолт байқалмайды. Оның үстіне, мұндай дағдарыстар ұзақтығы шамамен 10 айға созылатындықтан, 2009 жылдың екінші жартысында экономикамыз қайтадан көтеріле бастауы тиіс. 1992, 1996, 1997 жылдардағы күшті дағдарыстарды да бастан өткердік. Содан кейін еңсе тіктегеніміз де есімізде. Бүгінгі таңда халқымыздың негізгі бөлігі бақуаттанып қалды. Себебі, жұмыс істеп үйренді. Шамамен ел халқының жартысы ауылда тұрады десек, оларда малды көбейтіп, жерге ие болудың жеткілікті мүмкіндіктері бар.

Осылай дей келіп, Елбасы облыстарда болғанда ауылдықтардың дағдарысты сезініп отырғандығы еш байқалмайтындығын көлденең тартты. Еліміз де осындай ықтимал күрделі жағдайларға алдын ала дайындалып, қажет өтейтін деңгейде қор жинап алды. Бұл қорға кезінде қарсы болғандар да табылды. Бірақ мен экономикадағы дағдарыстардың орын алып тұру ықтималдығын ескеріп, бәрібір осындай Ұлттық қор құрған дұрыс деп шештім. Бүгінде алтын-валюта, Ұлттық қор қаржысы 51,5 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл - халықтың әлеуметтік жағдайының нашарламауына кепіл бола алатын қаражат. Сонымен қатар, зардап шеккен үлескерлерді, құрылыс секторын, шағын және орта бизнесті қолдап келеміз. Қысқасы, Қазақстанда әлемдік қаржы дағдарысын еңсеруге резерв жеткілікті. Дағдарыстар болып тұрады, бірақ тым ұзаққа созылмайды. Шыдас беруіміз керек, деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны