15.11.2011, 13:53 4043

Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы бойынша 122,7 млн теңге игерілген

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасының бизнес-құрылымдар мәселелері бойынша олардың банкі кредиттері бойынша қарыздарын қайта қаржыландыру үшін нормативтік-құқықтық база бекітілді.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы бойынша 122,7 млн теңге игерілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасының бизнес-құрылымдар мәселелері бойынша олардың банкі кредиттері бойынша қарыздарын қайта қаржыландыру үшін нормативтік-құқықтық база бекітілді.

"Биылғы жылдың 9 қыркүйегіндегі мәліметтер бойынша, Бағдарламаға 16 компания қатысқандықтарын нақтылады. 2011 жылдың 1 қазанында ағымдағы жылы қарастырылған 122,7 млн теңге игерілді (90,8 млрд теңгеден)", - деп атап көрсетті министр.

Министрліктің келтірген ақпараттары бойынша, инновациялық гранттарға 45 млн теңге бөлінген, қазіргі заманғы басқару технологиясын енгізуге - 49,5 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Қазақстан Премьер-министрінің сайты (Pm.kz).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны