18.09.2012, 16:04 3473

"Дала қыраны - 2012" халықаралық бітімгерлік жаттығуында тапсырмалар тәжірибе жүзінде іске асырылды

ҚР ҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаттығу барысын ҚР Қарулы Күштері Құрлық Искерлері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Иділбек Алдабергенов, сондай-ақ жаттығуға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарының, таратып айтсақ АҚШ қарулы күштерінің, Ұлыбритания, Тәжікстан, Қырғызстан, Литва, Германия, Швейцария, Италия, Франция және Украина өкілдері бағалады.

Алматы. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Дала қыраны - 2012" халықаралық бітімгерлік жаттығуында тапсырмалар тәжірибе жүзінде іске асырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Іле" оқу орталығында "Дала қыраны - 2012" халықаралық арнайы-тактикалық бітімгерлік оқу-жаттығуының белсенді сатысы болып өтті.

ҚР ҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаттығу барысын ҚР Қарулы Күштері Құрлық Искерлері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Иділбек Алдабергенов, сондай-ақ жаттығуға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарының, таратып айтсақ АҚШ қарулы күштерінің, Ұлыбритания, Тәжікстан, Қырғызстан, Литва, Германия, Швейцария, Италия, Франция және Украина өкілдері бағалады.

1500-ге жуық жауынгер шартты түрде белгіленген ауданда көпұлтты контингенттің құрамында бітімгерлік міндеттерін атқарды. Жаттығуға қатысушылар Қазбриг бөлімшелерінің және қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің алдына қойылған міндеттерді орындау кезіндегі жауынгерлік қалыптасуын және жедел үйлесімділігін, көпұлтты күштер жеке құрамының далалық дағдыларын тексерді.

Бітімгер бөлімшелер нақты айтқанда қойылған тапсырмаларды орындады, сондай-ақ гуманитарлық операцияларды жүзеге асырды. Бұған бітімгерлік бөлімшелердің жауапты зонада тексеру өткізу пунктінде және бақылау постында кезекшілікте болуы, қашқындарды алып жүруі, гуманитарлық жүктерді паращютпен түсіруі, бітімгерлердің лагерлік базасын қорғауы, азаматтарға жекелей көмек көрсетуі, медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуі ,сулы бөгеттерден өтуі, әртүрлі жүктерді алып жүруді қамтамасыз етуі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін операцияларды жүзеге асыруы ескеріледі.

Жаттығуды өз көздерімен көрген шетелдік қонақтар оны өткізудің деңгейі өте жоғары екендігін және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басқа елдердің Қарулы Күштерімен ынтымақтасу мәселелеріне баса назар аударатындығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны