15.06.2015, 17:30 3979

"Дала қыраны - 2015" халықаралық оқу-жаттығуында арнайы компьютерлік бағдарлама қолданылады

Еске сала кетейік, "Дала қыраны" оқу-жаттығуыныӊ бірінші кезеӊініӊ негізіне бейбітшілікті қолдау жөніндегі көпбейінді операцияларға сәйкес біріккен қолбасшылықпен бірге көп ұлтты күштердіӊ құрамында тапсырмаларды орындаудағы "Қазбат" бітімгершілік батальонын тексеру кірді.

Астана. 15 Маусым. Kazakhstan Today - "Дала қыраны - 2015" халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуы Қазақстанда екі кезеӊде өтеді. Бірінші кезеӊі ағымдағы жылғы сәуірде болды, ал екіншісі бүгін басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Іле" оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында өтіп жатқан "Дала қыраны - 2015" оқу-жаттығуыныӊ екінші кезеӊініӊ ерекшелігі командалық-штабтық жаттықтырулар түрінде бітімгершілік бөлімшелерініӊ штабтарын дайындау болды. Командалық-штабтық компьютерлік-симуляциялық оқу-жаттығу JCATs бағдарламасы қолданыла отырып өткізіледі. Бұл бағдарлама моторесурстар мен оқ-дәрілерді шығындамай бөлімшелерді жоспарлау, басқару және қолдану мәселелерін өӊдеуге және компьютерде жоспарланатын операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Еске сала кетейік, "Дала қыраны" оқу-жаттығуыныӊ бірінші кезеӊініӊ негізіне бейбітшілікті қолдау жөніндегі көпбейінді операцияларға сәйкес біріккен қолбасшылықпен бірге көп ұлтты күштердіӊ құрамында тапсырмаларды орындаудағы "Қазбат" бітімгершілік батальонын тексеру кірді.

"Дала қыраны" оқу-жаттығуы бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға "Қазбригтіӊ" жедел үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған және біріккен қолбасшылықпен бірге көп ұлтты күштер құрамында бітімгершілік бригаданыӊ тапсырмаларды орындау қабілеттілігін шынайы тексереді. Ол 2003 жылы басталды. Жыл сайын оқу-жаттығуларға 1 500-ден астам адам, сондай-ақ шетел мемлекеттерініӊ әскери бақылаушылары, НАТО-ныӊ әртүрлі штабтарыныӊ сарапшылары және Қазақстан Республикасында аккредитацияланған әскери-дипломатиялық корпус тартылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны