27.02.2015, 14:38 4425

Даниал Ахметов өӊір тұрғындарымен есепті кездесу өткізуде

Өскемен қаласыныӊ Металлургтер мәдениет сарайында Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов өӊір халқымен есепті кездесу өткізуде, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы

Өскемен. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Өскемен қаласыныӊ Металлургтер мәдениет сарайында Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов өӊір халқымен есепті кездесу өткізуде, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Облыс әкімініӊ есептік кездесуіне өӊір халқымен бірге, Қазақстан Республикасыныӊ ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Шығыс Қазақстан облысынынан Қазақстан Республикасыныӊ Парламент Сенатыныӊ депутаты Талғатбек Абайділдин, Қазақстан Республикасыныӊ Парламент Мәжілісініӊ депутаты Виктор Киянский қатысты.

Есепті кездесудіӊ басында Даниал Ахметов Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаевтыӊ "Нұрлы Жол - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ" Жолдауында белгіленген тапсырма аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

- "Нұрлы Жол" - бұл елімізді көшбасшылыққа бастайтын "Қазақстандық даму жолы". Біздіӊ Президентіміз атқарылатын барлық шаруаға үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Жаӊа экономикалық саясаттыӊ инвестициялық жобаларын іске асыруда нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек. 2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша экономикалық кедергілерге қарамастан, Шығыс Қазақстан негізгі стратегиялық мақсаттарды табысты жүзеге асырды, - деді Д.Ахметов.

Аймақ басшысы өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша облыстыӊ жалпы өӊірлік өнімініӊ (ЖӨӨ) тұрақты өсімін айтып өтті. Экономиканыӊ базалық салаларын дамыту есебінен Шығыс Қазақстанныӊ ЖӨӨ-і 2,2 трлн.теӊгеге жеткен. Бұл көрсеткіш макроэкономикалық өсіммен 2013 жылмен салыстырғанда 2,5 % артық.

- 2014 жылы өнеркәсіп кәсіпорындары 2013 жылмен салыстырғанда 10% өсіммен, 1098 млрд.теӊгеніӊ өнімін шығарды. Тау-кен байыту өнеркәсібініӊ көлемі 6,2 % өсіммен 102,5 млрд.теӊгеге жетті. Өнеркәсіп өнімдерініӊ негізгі үлесін (83,1%) өӊдеу өнеркәсібі құраса, 2014 жылға ішкі сала өндірісініӊ көлемі 10,2 % артты, - деді Д.Ахметов.

Есептік кездесуде белгілі болғандай жұмыссыздық деӊгейі өткен жылы 4,8 % (2013 жылы 5,1 %) құрап, өӊірде әр салада 20,2 мыӊ жұмыс орны ашылған. Д.Ахметовтыӊ айтуынша, аймақта жұмыссыздық деӊгейін төмендету үшін 2015 жылы "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыруға 11 млрд. теӊге жұмылдырылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны