13.03.2018, 16:06 4958

Даниал Ахметов: "Өскемендегі жағдай - қаланыӊ барлық қызметініӊ ісіне жауапсыз қарауыныӊ салдары"

Айта кету керек, аймақ басшысы Даниал Ахметов Аягөз ауданына барады. Қалада Аягөз өзені арнасынан шығып, 150 метрге дейін жайылған. Бүгінде қырыққа жуық үй зардап шекті

Өскемен. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов тасқыннан зардап шеккен Өскеменніӊ барлық шағын аудандарын аралап шықты. Тұрғындармен кездесіп, болған жағдайға бағасын берді.

Естеріӊізге сала кетсек, Шығыстыӊ көктемі қалыӊ қар жауып басталды. Тек мейрам алды күн жылынып, біразы еріді. Оныӊ арты нөсер жаӊбырға ұласып, екі күн бойы толассыз жаӊбыр құйды. Артын сала тағы да қар жауып, күн райы күрт құбылды. Тек 10 наурыздыӊ күні мен 11 наурыздыӊ тәулігінде түскен жауын-шашын мөлшері 48.2 мм құрады. Бұл айлық деӊгейден 72% артық. Бұған қоса, қыс бойы қалада қар болмағандықтан жер тоӊы 1,5 метрге қатып қалған-ды.

Соныӊ салдарынан еріген қар мен жаӊбыр суы жерге сіӊбей, үстімен кетті. Оныӊ салдарынан облыс орталығындағы Красин көшесінде және Аблакетка шағын ауданындағы бірнеше үйге су кіріп, іргесін басты. Тұрғындармен кездескен Даниал Ахметов қалалық әкімдік пен ТЖ қызметі атқарған іске бағасын берді.

- Бұл жерде екі мәселе көзге анық көрініп тұр. Дер кезінде жұмыс істеуге кедергі болған біліксіздік пен құлықсыздық. Барлық қызмет шұғыл әрекетке дайын емес. Басқа себеп көріп тұрған жоқпын. 4 үй. Айналдырған төрт үйден дер кезінде су сорып ала алмады, - деген Даниал Ахметов атқарылған іске көӊілі толмағандығын жеткізді. - Бұл қала әкімініӊ және ТЖ жөніндегі басқарма қызметіндегі ауыр олқылық. Көптеген себеп ойлап табуға болады. Бірақ, бұл жерде мен айтар бір ғана мәселе бар - ол тікелей міндетін атқаруға мүмкіндік беретін жауапкершіліктіӊ жоқтығы.

Облыс әкімі журналистерге алдағы таӊда барлық басшы тиісті жауапқа тартылатын жеткізді. Рейд барысында анықталғаны, Красин көшесіндегі арықтар дер кезінде дұрыс тазартылмаған. Ал мердігер мекеме қызметі үшін толық ақысын алған.

Бұл күндері Сәтпаев атындағы даӊғыл бойымен өткен қарғын судыӊ салдарынан Жібек маталар комбинаты жақтан көлік қозғалысы қиындай түсті. Жол бойына су бөгеліп, кептеліс орын алды. Оныӊ салдарынан таӊертеӊ Жібек жолы көшесі қиылысына дейінгі аумақ жабылды. Алайда мәселеніӊ мұндай шешімі аймақ басшысыныӊ көӊілінен шықпады.

- Мұндай батырлықты күз кезінде таныту керек еді. Бұл жерде алғашқы шұӊқыр пайда болған уақыттан бастап. Күзде жаӊбыр болды. Сіздер, көлденеӊ қазылған ордыӊ жатқанын білесіӊдер. Оныӊ төмендейтіні етенеден белгілі. Десе де, сіздер ешбір істі қолға алмадыӊыздар. Күзгі көрініс көз алдымда. Сол кезде қала әкіміне хабарласып, траншеяларды жабуды тапсырдым, - деді Даниал Ахметов. - Жағдай болған кездіӊ өзінде 5-6 кезекші көлік қойып, 2-3 скрепер бекітіп, жағдайды қатаӊ бақылауға алу керек еді. Көлденеӊ жатқан сызат отырғанда қолға күрек алып, дереу көму керек болатын. Басқа себеп пен шешу жолдары жоқ. Мұныӊ бәрі сауатсыз жұмыс пен іске деген құлықсыздықтыӊ салдары болып табылады.

Енді даӊғыл бойында тәулік бойы қалалық әкімдік кезекшілік етеді. Ал оларды аймақ басшысы жеке өзі бақылауға алады.

Бұл аралықта Ұлан ауданындағы Мамай батыр ауылында жағдай тұрақталып қалды. Тұрғындардыӊ айтуынша, табиғат мұндай тосын мінезін соӊғы 50 жылда көрсетпеген. ШҚО әкімі айтқандай, оныӊ себебі тайға таӊба басқандай.

- Екі күн жауын-шашын болды, жердіӊ қатып қалған бөлігі 1,5 метрге жетті. Су жерге сіӊбей, үстімен кетті. Жаӊа көпірдіӊ жобалауды бастаймыз. Ол алдағы уақытта оқыс жағдайдыӊ алдын-алуға мүмкіндік береді. Жақын уақытта қаражат бөлеміз. Аудандық әкімдік ЖСҚ әзірлеуді бастайды, - деді мәселеніӊ шешімін көрсеткен облыс басшысы Даниал Ахметов.

Ұлан ауданы әкімдігі мен жергілікті тұрғындардыӊ күшімен уақытша қосымша көпір жасалынды. Қазір оныӊ астына құбырлар салынып жатыр. Көлік қозғалысы алдағы уақытта қалпына келтіріледі.

Айта кету керек, аймақ басшысы Даниал Ахметов Аягөз ауданына барады. Қалада Аягөз өзені арнасынан шығып, 150 метрге дейін жайылған. Бүгінде қырыққа жуық үй зардап шекті.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны