14.02.2018, 12:43 5767

Дархан Мыӊбай Парламент Мәжілісініӊ депутаты болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Мыӊбай Дархан Қамзабекұлын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК қаулысы қабылданды

Астана. 14 ақпан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 13 ақпанда "Нұр Отан" партиясы Саяси кеӊесініӊ Бюро қаулысымен тағайындалған Парламент Мәжілісініӊ депутатын тіркеу жөніндегі ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Мыӊбай Дархан Қамзабекұлын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК қаулысы қабылданды.

Д. Мыӊбайға ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутатыныӊ куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

"Қазақстан Республикасыныӊ Парламенті және оныӊ депутаттарыныӊ мәртебесі" туралы Конституциялық заӊға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соӊ өз өкілеттігіне кіріседі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны