02.09.2019, 22:28 3335

Дариға Назарбаева Сенат төрағалығына сайланды

Парламент Сенатының алтыншы шақырылымдағы бесінші сессиясының бірінші отырысында жоғары палата депутаттары жасырын дауыс беру арқылы бірауыздан Дариға Назарбаеваны Сенат төрағалығына сайлады.

Нұр-Сұлтан. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Дариға Назарбаева Сенат төрағалығына сайланды.

Парламент Сенатының алтыншы шақырылымдағы бесінші сессиясының бірінші отырысында жоғары палата депутаттары жасырын дауыс беру арқылы бірауыздан Дариға Назарбаеваны Сенат төрағалығына сайлады.

Д.Назарбаеваның кандидатурасын Қазақстанның Президенті Қасым-ЖомартТоқаев ұсынды. Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысының атынан сөз сөйледі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы лауазымына Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны сайлауды сұраймын", - делінген Президенттің сөзінде.

"Маған сенім білдіріп қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет. Бұл мен үшін зор мәртебе және үлкен жауапкершілік. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасының басшысы ретінде мен сүйікті Отанымыздың гүлденуі үшін бар күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді жұмсаймын", - деді Д.Назарбаева.

Сенат Төрағасы әріптестерінің назарын Президент Жолдауына аудартты.

Сенат Төрағасы Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына баса назар аударып, бағдарламалық құжатта ел өмірінің барлық салаларындағы ахуалға талдау жасалып, нақты практикалық міндеттер қойылғанын атап өтті. "Енді біз оларды заңдар мен қаулылар тіліне көшіруіміз керек. Барлық әріптестерімді тығыз жұмыс кестесіне тезірек кірісуге шақырғым келеді. Бұл үшін күздің жаңа қызмет жоспары іс жүзінде құрылған", - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Сенат Төрағасының орынбасары сайланды.

Парламенттің жоғары палатасы Төрағасының орынбасары лауазымына ағымдағы жылдың 13 тамызында Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаттығына тағайындалған Асқар Шәкіров сайланды. Сенаторлар Адам жөніндегі уәкіл қызметіне Эльвира Әзімованы сайлады.

Сенаттың тұрақты комитеттерінің төрағалары сайланды.

Отырыс барысында тұрақты комитеттердің төрағалары сайланды.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы лауазымына Владимир Волков сайланды.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына Мұхтар Құл-Мұхаммед сайланды.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы лауазымына Серік Жақсыбеков сайланды.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне Мұрат Бақтиярұлы жетекшілік етті.

Әли Бектаев Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болды.

Қаржы және бюджет комитетін Ольга Перепечина басқарады.

Сенат Төрағасы өкілеттіктері тоқтатылған сенаторларға алғыс білдірді.

Сенат Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өкілеттіктері тоқтатылған сенаторлар: Сергей Громов, Бірғаным Әйтімова, Асқар Бейсенбаев, Георгий Ким, Дулат Құсдәулетов, Рашид Түсіпбековтерге алғыс білдіріп, әрқайсысының жеке қасиеттеріне тоқталып, парламентаризмді дамытуға, сондай-ақ заң шығару үдерісін жетілдіруге қосқан үлестерін атап өтті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны