17.07.2026, 12:28 73326

Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды

Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Дастан Адайұлы Рыспеков 1984 жылғы 23 маусымда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша, ҚазГЗУ жанындағы Алматы заң академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бастап, әр жылдары экономика, бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік аудит салаларында басшылық қызметтер атқарды, "ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның бас бухгалтері болды, Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасын, кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетін басқарды.

2023-2024 жылдары Ұлытау облысы әкімінің орынбасары, кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.

2024 жылдың 9 қазанынан бастап Ұлытау облысының әкімі болып қызмет атқарған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны