20.07.2016, 16:28 125649

Дәурен Абаев теракті кезіндегі "ақпараттық сәтсіздік" туралы пікірге қатысты түсінік берді

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі отандық ақпарат агенттіктерініӊ бірінде жарияланған "Алматыдағы атыс: биліктіӊ кезекті ақпараттық сәтсіздігі" материалына кеӊірек түсінік берді. Дәурен Абаев мақалаға қатысты ойын Facebook-те жариялады

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі отандық ақпарат агенттіктерініӊ бірінде жарияланған "Алматыдағы атыс: биліктіӊ кезекті ақпараттық сәтсіздігі" материалына кеӊірек түсінік берді. Дәурен Абаев мақалаға қатысты ойын Facebook-те жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Министр сарапшылардыӊ мақалада келтірілген жекелеген тезистерімен келісетінін айтады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

"Ирине, қайғылы оқиға ақпараттық жауап қату жағынан бірқатар елеулі мәселелерді айқындап бергенін жоққа шығармаймын. Қазір еӊ бастысы - осыдан дұрыс қорытынды жасау және барлық қажетті шараларды қабылдау. Сонымен қатар, "ақпараттық сәтсіздік" туралы тезис теріс және нақты көріністі шынайы суреттемейтінін айтқым келеді", - дейді Дәурен Абаев.

Бұдан кейін ол мақаладан мысал келтіреді. Автор ІІМ ресми баспасөз хабарламасына дейін азаматтар атыс басталған сәттен бастап үш сағат (!) ақпараттық вакуумда отырды дейді.

Алайда журналист қаланыӊ ІІД баспасөз қызметі (сағат 12:28-де) тұрғындарды үйден шықпауға, адамдар көп шоғырланатын орындарға бармауға шақырып, халыққа антитеррорлық операция жүргізілетіндігі туралы бұдан әлдеқайда ертерек хабарлағанын ұмытып кеткен. Арада 15 минут өткенде тиісті нұсқау беріліп, террорлық қауіптіӊ қызыл деӊгейі жарияланды.

Баспасөз хабарламасы қажетті ақпарат жинақталып, тексерілген соӊ бірден жария етілді.

"Өздеріӊіз де білесіздер, жалған ақпараттыӊ таралуы жұмысты айтарлықтай қиындатты, себебі оны тексеру үшін адам күші мен уақыт қажет болды. Мұндай әрекеттер үшін еліміздіӊ заӊдары бойынша жаза қарастырылған", - деп атап өтті АКМ басшысы.

"Алматыдағы оқиға туралы шамамен сағат 11:00-де естідім. Ақпарат бір мезетте құқық қорғау органдарындағы әріптестерімнен де, министрлік қызметкерлерінен де келді.

Министрліктіӊ тікелей құзырындағы мәселелерге жедел әрекет жасалды. Халыққа телеарналардыӊ профилактикалық жұмыстары және отандық интернет-сайттардыӊ қолжетімділігі туралы жағдай дер кезінде құлағдар етілді", - деп түсіндірді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, телеарналардыӊ эфирін шұғыл түрде іске қосу үшін техникалық шаралар қабылданылған. "24KZ" мемлекеттік телеарнасынан әрбір жарты сағат сайын Алматыдағы жағдайды баяндайтын арнайы жаӊалықтар эфирге шығып тұрды. КТК және "31 арна" дәл солай жұмыс істеді.

Сонымен қатар жедел жағдайларда эфирге дереу шығу мүмкіндіктерін қарастыра отырып техникалық жұмыстардыӊ ауыспалы кестесін енгізу туралы шешім қабылданған.

"Мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жедел жауап қату жөніндегі стратегиясын жетілдіруге келсек, қазіргі таӊда ҚР ІІМ-мен бірлесе отырып, жаӊа іс-қимыл алгоритмі жасалды. Соған сәйкес азаматтарға ақпарат жедел түрде қосымша келісімдерсіз ұсынылатын болады.

Сөз соӊында ведомствоныӊ жұмысын жетілдіру бойынша біз үшін барлық сындарлы ұсыныстар маӊызды екенін айтқым келеді, сіздер қолдап, үлес қосатындықтарыӊызға сенеміз", - деп түйіндеді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны