10.07.2026, 12:28 43821

Делегаттар сайлау алдындағы бағдарламаны бекітуі тиіс

Делегаттар сайлауалды бағдарламаны бекітеді
Делегаттар сайлау алдындағы бағдарламаны бекітуі тиіс
Сурет: Әділет
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында "Әділет" партиясының III кезектен тыс съезі басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Партияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, съезге еліміздің барлық өңірінен келген 1000-нан астам делегат, облыстық филиалдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қауымдастығының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысып жатыр.

Бүгін делегаттар сайлауалды бағдарламаны, кандидаттардың партиялық тізімін бекітеді, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, мүшелік жарналардың мөлшерін айқындайды, сондай-ақ қорытынды қаулы қабылдайды.

Естеріңізге сала кетсек, партия бұған дейін өзінің ұйымдық құрылымын қалыптастыруды аяқтап, өңірлік желісін құрып, басшылық органдарын жасақтаған болатын.

Атап айтқанда, өңірлік саяси кеңестердің құрамына 808 адам, ал бақылау-тексеру комиссияларының құрамына 100 адам енді. Олардың қатарында шағын және орта бизнес, білім және ғылым, үкіметтік емес сектор мен кәсіподақтар, мәдениет және спорт, өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, экономика, заң саласы, IT және креативті индустрия өкілдері бар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны