05.05.2009, 18:05 2830

Денсаулық сақтау министрі президентке Н1N1 тұмауының әлемге таралу жағдайы және Қазақстанда осыған байланысты қолға алынып отырған алдын алу шаралары жөнінде хабардар етті

Денсаулық сақтау министрі президентке Н1N1 тұмауының әлемге таралу жағдайы және Қазақстанда осыған байланысты қолға алынып отырған алдын алу шаралары жөнінде хабардар етті

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ж.Досқалиев президентке балалар мен аналар өлімін азайту, туберкулездің алдын алу және медициналық білім берудің сапасын жақсарту жөніндегі берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.

Министр, сондай-ақ, мемлекет басшысын Н1N1 тұмауының әлемге таралу жағдайы және Қазақстанда осыған байланысты қолға алынып отырған алдын алу шаралары жөнінде хабардар етті.

"Бүгінде Қазақстанда Н1N1 вирусы тіркелген жоқ. Ірі халықаралық әуежайларда адамның дене қызуы бар-жоғын анықтайтын тепловизорлар орнатылған. Сондай-ақ осы індеттің Қазақстанға келуіне жол бермеуге бағытталған басқа да шаралар қолданылды", - деді Жақсылық Досқалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны