04.10.2010, 16:07 3833

Денсаулық сақтау министрінің үстінен пара алғаны үшін тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Денсаулық сақтау министрінің үстінен пара алғаны үшін тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 4 - қазан. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрінің үстінен пара алғаны үшін тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз бұрын хабарлағанымыздай, Досқалиев тұрғын үйлер салуға жер телімін бергені үшін сыйақы ретінде екі пәтер және Қараөткел ауылынан коттедж алған. Тергеу барысында, Досқалиев пара ретінде тағы алты пәтер алып, оның біреуін өзінің туысының атына рәсімдеп, қалған бесеуін сатып жібергендігі белгілі болды",- деді М. Жұманбай.

"Өте ірі көлемде пара алғандығы үшін Досқалиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды",- деп хабарлады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны