03.07.2017, 14:37 4332

Денсаулық сақтау министрлігі МИМС жағдайында медициналық қызметті сатып алудыӊ жаӊа ережесін әзірледі

Денсаулық сақтау министрлігі МИМС жағдайында медициналық қызметті сатып алудыӊ жаӊа ережесін әзірледі. Ол туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда мемлекеттік және жеке меншік медицина ұйымдарыныӊ өкілдерініӊ қатысуымен медицина саласы және бизнес қауымдастығы өкілдерімен болған кездесуде хабарлады.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрлігі МИМС жағдайында медициналық қызметті сатып алудыӊ жаӊа ережесін әзірледі. Ол туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда мемлекеттік және жеке меншік медицина ұйымдарыныӊ өкілдерініӊ қатысуымен медицина саласы және бизнес қауымдастығы өкілдерімен болған кездесуде хабарлады.

"Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеӊберінде денсаулық субъектілерінен қызмет түрлерін сатып алу ережесі әзірленді. Қазіргі таӊда тиісті бұйрық жобасы талқыланып, келісіліп жатыр" - деп қосымша хабарлады Елжан Біртанов.

"Жаӊа ережелер бизнес субъектілерініӊ кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МИМС) шеӊберінде қызмет көрсету тәртібін жеӊілдетеді", - деп атап өтті министр.Оныӊ айтуынша, денсаулық сақтау нысандарынан талап етілетін құжаттар 22 пайызға, ал, бастапқы медициналық құжаттама формалары 30 пайызға қысқартылды.

Сондай ақ, ол халық үшін медициналық қызметтердіӊ экономикалық қолжетімділігімәселесін шешудіӊ маӊыздылығын алға тартты. Мәселен, мемлекет бір қазақстандық азаматтыӊ денсаулығын сақтауғашамамен 55 мыӊ теӊге қаржы жұмсайды, сол уақытта азаматтардыӊ медициналық шығыстарға жеке ақы төлеуі өсіп, 33 мыӊға жетті. Мұндай ара-қатынас адамдардыӊмедициналық көмеккеқол жетімділігін шектеуге әкелуі мүмкін. Медициналық сақтандыруды енгізудіӊ басты мақсаттарыныӊ бірі, әрбір мұқтаж адамға отбасылық бюджетіне залал келтірмей, оныӊ кіріс қаражатына қарамастан қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету болып табылады.

Медициналық қызмет сапасы туралы айтқанда, ол пациент медициналық сақтандыру жағдайында клиниканы және кәсіби дәрігерді таӊдау мүмкіндігі болатынына назар аударды.Денсаулық сақтау министрлігі қазір медициналық бизнеске кедергілерді жою және нарықта бәсекелестікке ынталандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Негізсіз 28 санитарлық ережелер жойылды, 24 құжатқа өзгерістер енгізіліп, бизнес үшін жағдайды жақсартатын 300-ден астам нормативтік актілер қарастырылуда. Мемлекеттіӊ 14 реттуші функциясын нарыққа бері қарастырылуда. Атап айтқанда, дәрігерлерге категория беру, олардыӊ білімін бағалау кәсіби қауымдастықтарға беру.

Медициналық қызметтерді сатып алу ережесін Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ (коммерциялық емес акционерлік қоғамы) медицина саласы және бизнес қауымдастығы өкілдеріне тұӊғыш рет жариялады.

Өз кезегінде Қор төрағасы Елена Бахмутова, бүгін сіздерге таныстырылып отырған ережелер медициналық қызметтерді сатып алудыӊ қолданыстағы тәртібін өзгертуге бағытталған. Өзгерістердіӊ дені сатып алу процесініӊ төрт аспектісіне қатысты. Атап айтқанда, сатып алуды жоспарлау, жеткізуші компанияларды іріктеу, келісімшарттардыӊ орындалу барысын бақылау және медицина мекемелеріне көрсетілген қызмет ақысын төлеу тәртібіне өзгерістер енгізілмек", - деді.

Айтуынша, ұсынылып отырған ережелердіӊ артықшылықтары көп. Мысалы, негізгі процестер автоматтандырылып, нәтижесінде жеткізуші компанияларды таӊдау процедурасыныӊ ашықтығы қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, ереже сапалы медициналық көмектіӊ жұртшылық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге, пациенттерге қызмет көрсететін медицина мекемелерініӊ тізімін кеӊейтуге, денсаулық сақтау субъекті-лерініӊ жүйеде жұмыс істеуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды төмендетуге мүмкіндік береді.

"Оған қоса, бұл ережелер пациенттердіӊ емхана таӊдау құқығын сақтап қана қоймай, көз дәрігері, невропатолог сынды т.б. салалық мамандарды таӊдау мүмкіндігін арттырады. Ережелер емханаларды жан басына қарай, ал, стационарларды нақты көрсетілген қызметіне қарай қаржыландыруды көздейді. Бұл нені білдіреді? Былайша айтқанда, пациент емханаға тіркелген кезде жалпы практика дәрігерін таӊдайды. Ол - пациент сенім білдірген маман ғана емес, пациентке Илеуметтік медициналық сақтандыру қорыныӊ жеткізушілер тізіміндегі кез-келген ауруханаға жолдама алуға көмектесетін сарапшы рөлін атқарады. Осылайша, әр адам Қордыӊ жеткізушілер тізіміндегі кез-келген мекемеде емделу құқығына ие болады", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, кездесуде міндетті медициналық сақтандыру заӊы нормаларын қолданысқа енгізуге қатысты мәселелер де талқыланды.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстанда 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заӊ күшіне енеді. Заӊ талаптары бойынша еӊ алдымен сақтандыру жарнасын жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейді. Жарна мөлшерін төмендету мақсатында заӊға енгізілген түзетулер парламент тарапынан толық мақұлданып, күні кеше құжатқа мемлекет басшысы қол қойған болатын.

Қабылданған түзетулерге сәйкес, жұмыс беруші ай сайын жұмыскер жалақысыныӊ 1 пайызы көлемінде жарна төлейді (бірақ жарна көлемі 3668,9 мыӊ теӊгеден аспауы тиіс - бұл жарна есептелетін жалақыныӊ жоғарғы мөлшері 15 төменгі айлық жалақыныӊ 1 па-йызы). Жеке кәсіпкерлер мен оларға теӊестірілген тұлғалар (жеке меншік адвокаттар мен нотариустар, кәсіби медиаторлар) 2017 жылы 2 төменгі айлық жалақыныӊ 5 пайызы мөлшерінде немесе 2445,9 меӊге көлемінде жарна төлемек. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер қарамағындағы жұмыскерлер үшін жұмыс беруші ретінде де жарна аударады.

Заӊға енгізілген өзгерістер бірінші кезекте бизнеске түсетін салмақты азайтуға бағытталған. Бұл түзетулер елдегі экономикалық ахуалмен тығыз байланысты. Оны мемлекеттік органдармен, сондай-ақ, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп атқарған жұмыс нәтижесі деуге болады. Атап айтар болсақ, жұмыс берушілерге арналған жарнаныӊ еӊ жоғарғы мөлшері 5 пайыздан 3 пайызға, жеке кәсіпкерлер үшін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетілді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер үшін жарна есептеу объектісі де қысқартылды: егер бұрын жеке кәсіпкер табысыныӊ 7 пайызын Қорға аударуы тиіс болса, соӊғы өзгерістер бойынша 2 төменгі айлық жалақыныӊ 5 пайызын төлейтін болды.

Ал, мемлекет төлейтін жарна көлемі өзгерген жоқ. Осы жерде мемлекеттіӊ әлеуметтік жағынан аз қамтылған 14 санаттағы 10 млн азамат үшін жарна төлейтінін айта кету керек. Яғни, мемлекет Қазақстан халқыныӊ жартысынан астамын сақтандырумен қамтамасыз етпек.

Бұл ретте, елімізде тұратын барша азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеӊберінде ұсынылатын қызмет түрлерін пайдалана алады. Бұл пакетке әлеуметтік маӊызы бар ауруларды емдеу ғана емес, екпе егу, шұғыл көмек, соныӊ ішінде, жедел жәрдем мен санитарлық авиация қызметі де кіреді. Алдағы екі жылда (2018-2019 жж.) азаматтардыӊ жаӊа жүйеге бейімделуі үшін арнайы жеӊілдік кезеӊі беріліп отыр. Осы уақыт ішінде, яғни, 2020 жылдыӊ 1 қаӊтарына дейін барлық азаматтар шұғыл көрсетілімдер бойынша стационарлық көмекке және амбулаторлық көмекке жүгіне алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны