16.05.2018, 23:57 4083

Денсаулық сақтау министрлігі темекі бұйымдарын тұтынуға бөлінген орындарға қатысты талаптарға өзгерістер енгізу үшін негіз жоқ деп санайды

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексініӊ 159-бабына сәйкес қоғамдық орындарда, оныӊ ішінде қоғамдық тамақтану орындарында темекі шегуге тыйым салу кеӊінен қолданылады. Темекі шегуге тыйым салу Қазақстанныӊ халықаралық міндеттемесі болып табылатын ДДҰ-ныӊ Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясында жазылған адамныӊ таза ауамен демалуға маӊызды құқығын және денсаулыққа құқығын жүзеге асыру мақсатында енгізілген.

Астана. 16 мамыр Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрлігі темекі бұйымдарын тұтынуға бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға өзгерістер енгізу үшін негіз жоқ деп санайды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мәлім етті.

"HoReCa Казахстан" Ұлттық қауымдастығыныӊ қолданыстағы "Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсынысы жеткілікті негізсіз және қолданыстағы заӊнамаға қайшы.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексініӊ 159-бабына сәйкес қоғамдық орындарда, оныӊ ішінде қоғамдық тамақтану орындарында темекі шегуге тыйым салу кеӊінен қолданылады. Темекі шегуге тыйым салу Қазақстанныӊ халықаралық міндеттемесі болып табылатын ДДҰ-ныӊ Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясында жазылған адамныӊ таза ауамен демалуға маӊызды құқығын және денсаулыққа құқығын жүзеге асыру мақсатында енгізілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі түтіні әсерініӊ қауіпсіз деӊгейі жоқ екенін растады, ал желдету жүйелері және темекі шегуге арнайы бөлінген бөлмелер жұртшылықты және қызметкерлерді қайталама түтінніӊ өлімге алып келетін әсерінен тиімді қорғауды қамтамасыз етпейді.

Қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар темекі шегу үшін жабдықталған орындарда сусындар мен тамақ ішуге тыйым салады. Көбіне қоғамдық тамақтану орындарында темекі шегуге тыйым салуға қатысты мәселелер кальян индустриясыныӊ кәсіпкерлері арасында ерекше алаӊдаушылық тудырады. Дегенмен қоғамдық тамақтану саласында, оныӊ ішінде кальян шегетін орындарда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін мұндай сұрақ туындамайды.

Аталған санитариялық қағидалардыӊ талаптарын сақтау бүгінгі күні бірінші кезекте халық арасында инфекциялық емес ауруларды, белсенді және белсенді емес темекі шегудіӊ зиянын азайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қажеттілік болып табылатынын ескеру керек.

Бұдан басқа кальяндарды өӊдеуге қойылатын талаптарды әзірлеу Денсаулық сақтау министрлігініӊ құзыретіне кірмейді. Халықаралық, оныӊ ішінде қазақстандық практикада кез келген жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты өндірушініӊ өзі дайындауы тиіс екені көзделген. Тиісінше кальян шегуге арналған құрылғыныӊ да қолдану (оныӊ ішінде жуу және дезинфекциялау) жөніндегі нұсқаулығы болуы тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі өз кезегінде осы нұсқаулықтыӊ сақталуын бақылауды жүзеге асырады",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны