11.11.2018, 22:40 5013

Денсаулық сақтау министрлігі "Трамадол" медициналық препаратыныӊ дәріханаларда босатылуын қатаӊ бақылауға алды

ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне сәйкес, дәрігердіӊ рецептісі бойынша босатылуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз сатуға тыйым салынады. Бұл талапты бұзғаны үшін ҚР "Икімшілік құқық бұзушылық туралы" (ҚР ИҚтК 426-бабыныӊ 1-бөлімі) Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрлігі "Трамадол" медициналық препаратыныӊ дәріханаларда босатылуын қатаӊ бақылауға алды.

ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне сәйкес, дәрігердіӊ рецептісі бойынша босатылуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз сатуға тыйым салынады. Бұл талапты бұзғаны үшін ҚР "Икімшілік құқық бұзушылық туралы" (ҚР ИҚтК 426-бабыныӊ 1-бөлімі) Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу Ережесіне сәйкес, "Трамадол" дәрілік препаратын рецептімен босатылатын препараттарға жатқызады.

Осы жауапкершілікті тиімді қолдану мақсатында, ҚР ДСМ Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу Ережесіне, соныӊ ішінде дәріханада клонидин, кодеин, тропикамид, трамадол, циклопентолат, прегабалин, зопиклон, дифенгидрамин, прометазин сияқты улы заттардыӊ 3 жылға дейін сақтау мерзімін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Белгіленген талаптаптардыӊ сақталуын бақылау жоспардан тыс тексеру жүргізу шеӊберінде (жеке және заӊды тұлғалардыӊ жүгіністері бойынша) ҚР ДСМ Фармация комитетініӊ аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ аймақтыӊ ІІД ЕҚКБ-мен (есірткіге қарсы күрес басқармасы) "Допинг" жедел операциясын жүргізу шеӊберінде, ал жекелеген өӊірлерде ҚР ДСМ Фармация комитетініӊ аумақтық бөлімшелерініӊ мамандарын жібере отырып жүзеге асырылады.

2018 жылдыӊ 10 айы бойынша "Трамадол" препаратыныӊ рецептісіз сатылғаны үшін 11 млн. 144 мыӊ 920 теӊгеден астам сомаға 52 әкімшілік айыппұл салынған.

Бүгінгі таӊда, дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер түрінде, адамныӊ өмірі мен денсаулығына, жеке және заӊды тұлғалардыӊ заӊды мүдделеріне тікелей қатердіӊ алдын алу және (немесе) жою мақсатында нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша ғана жүргізіледі. Фармацевтикалық қызметтіӊ жоспардан тыс тексерулердіӊ саны - бірен-саран жағдайлар (жеке және заӊды тұлғалардыӊ жүгіністері бойынша).

Мемлекет тарапынан тұрақты бақылаудыӊ болмауы дәрігердіӊ рецептісі бойынша босатуға арналған дәрілерді, оныӊ ішінде нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға рецептісіз сату бойынша бұзушылықтардыӊ өсуіне және жалған медициналық өнімдерді таратуға әкеп соғуы мүмкін.

Дәрі-дәрмектерді және жалған медициналық өнімдерді рецептісіз өткізуге қарсы күресті жүзеге асыру кезінде бақылаушы органныӊ жедел ден қою шараларын қабылдауы қажет.

Дәріхана бизнесі мемлекет тарапынан бақылаудыӊ үздіксіздігі мақсатында азаматтардыӊ адал емес кәсіпкерден құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін медициналық өнімніӊ айналымы саласына ерекше тәртіпке бақылау жүргізуді енгізу қажет.

Алдын алу шараларын қабылдау үшін, ҚР ДСМ Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасына тексеру жүргізудіӊ ерекше тәртібі қолданылатын, Денсаулық сақтау субъектілерін (объектілерін) бірінші топқа жатқызу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, ҚР ДСМ "Трамадол" препаратын босатуды және есепке алуды бақылауды күшейту мақсатында, қазіргі уақытта ҚР ІІМ-мен "Трамадол" дәрілік препаратын және басқа да дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаӊ бақылаудағы есірткі және психотроптық заттар тізіміне енгізу мәселесі қаратырылуда.

Рецептілік медициналық препараттардыӊ рецептісіз босатылу фактілері бойынша ҚР ДСМ Фармация комитетініӊ аумақтық бөлімшелеріне тиісті шаралар қабылдау үшін хабарласуыӊызды сұраймыз.

ҚР ДСМ Фармация комитетініӊ аумақтық бөлімшелерініӊ байланыс деректері http://kf.mz.gov.kz/ru сайтындаорналастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны