13.07.2020, 16:30 4534

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ұлттық аза тұту күні көңіл айтты

Денсаулық сақтау министрі коронавирус пандемиясының құрбандарын ұлттық аза тұту күні көңіл айтты.

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрі коронавирус пандемиясының құрбандарын ұлттық аза тұту күні көңіл айтты.

Бүгін, Коронавирус пандемиясының құрбандарын ұлттық аза тұту күні Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы індеттің салдарынан жақындарынан, туған-туыс, бауырларынан, әріптестерінен айырылған еліміздің барша тұрғындарына көңіл айтты. Ол COVID-19 еліміздің жүздеген азаматының өмірін қиғанын жария етті.

"Осы күндері менің әріптестерім - дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өмірден озды, мәңгілікке көз жұмды, олар күтпеген қауіп-қатермен бетпе-бет келді, соңғы демдері қалғанша күресті. Бұл қайғылы жағдай біз үшін орны толмас қаза. Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды. Біздің есімізде олар мәңгі нағыз батыр болып қалады", -деді А. Цой.

Ол, бұл індетті тоқтату үшін оған себепкер болып отырған пандемиямен күресте серпінді және тиімді шаралар қажет екенін атап өтті.

"Осы қауіп-қатерді тоқтату үшін мен және менің әріптестеріміз тәулік бойы жұмыс жалғасатырудамыз" -деп мәлімдеді Министр.

Үкімет медициналық ұйымдарға және дәріханаларға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдауда, қосымша төсектер ашылуда, шетелдік сарапшылармен бірлесіп коронавирусты емдеу әдістері жан жақты зерделенуде және жетілдірілуде. Ол сондай-ақ қазақстандықтарды қолдан келер көмектері болса осы індетпен күресуде белсенді ат салысуға шақырды және еріктілер мен белсенді азаматтардың маңызды рөлін атап өтті.

"Біз біргеміз, біз панедмиямен жеңіп шығу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырамыз. Біз бұл қиындықты жұмыла отырып, жеңе алатынымызға сенімдімін." - деп елімізідің бас дәрігері Алексей Цой сөзін түйіндеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны