26.05.2025, 11:33 56061

Денсаулық сақтау министрлігі тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізімін жаңартты

Денсаулық сақтау министрлігі тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізімін жаңартты
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге берілетін дәрілік заттардың тізбесін жаңартты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының бұйрығымен ббелгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі тізбесі өзгертілді.

Атап айтқанда, психикалық аурулары бар адамдарға, 2-4 дәрежелі артериялық гипертензиясы бар науқастарға және опиоидты агонистерге қолдау көрсетуді қажет ететін науқастарға арналған тегін дәрі-дәрмектердің тізімі жаңартылды.

Бұйрық 2025 жылдың 4 маусымынан бастап күшіне енеді.

Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін АИТВ, қант диабеті және басқа да әлеуметтік маңызды аурулары бар науқастар тегін емделетінін айтқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны