24.12.2008, 13:38 1865

Депутат А. Соловьева үкімет басшысына "Мал өнімдері" корпорациясының қызметін тексеру жөніндегі депутаттық сауалды екінші қайта жолдады

Депутат А. Соловьева үкімет басшысына "Мал өнімдері" корпорациясының қызметін тексеру жөніндегі депутаттық сауалды екінші қайта жолдады

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің бүгін өткен жалпы отырысында депутат Айгүл Соловьева үкімет басшысына "Мал өнімдері" корпорациясының қызметін тексеру жөніндегі депутаттық сауалды екінші қайта жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі. Депутат онда үкіметтен корпорацияға жұмсалған бюджет қаржысының оның жүргізіп отырған қызметіне лайықтылығын тексеруді сұраған.

Оның айтуынша, корпорация құрылған сәттен бері бюджеттен орта есеппен 2,1 млрд теңге көлемінде несиелік, жарғылық капиталды ұлғайтуға - 15,259 млрд теңге қаржы жұмсалған. Соның нәтижесінде осы мерзімде 1,677 млрд теңгенің мал шаруашылығы өнімдері сатып алынып, экспорт 1,39 млрд теңгені құрады, 2007 жылы шетелдерге 172,5 млн теңгенің, 2008 жылдың басынан бері 250,2 млн теңгенің өнімдері шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны