16.04.2008, 18:43 3174

Депутат бидай экспортына тыйым салынуына орай үкіметке жолдау жіберді

Депутат бидай экспортына тыйым салынуына орай үкіметке жолдау жіберді

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" -Парламенттегілер үкіметтің бидай экспортына тыйым салуға байланысты келтірген дәйегіне таңданыс білдіруде. Бұл туралы бүгін мәжілістің пленарлық отырысында Ромин Мәдинов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Менің жеке пікірім бойынша, бұл өте дұрыс шешім өйткені елдің азық -түлік қауіпсіздік мәселесі көтеріліп отырғанда оны сөз жоқ тек қолдайсыз", - деп мәлімдеді Р.Мәдинов, премьер-министрге жіберген депутаттық жолдауында. Сонымен бірге депутаттың көкейінде "бірқатар сауалдар туындауда". Мәселен, "мемлекеттің қандай азық түлік қауіпсіздігі жөнінде мәселе көтерілуде?". "Үкіметтің мәліметтері бойынша, елімізде 4 млн тонна бидай қалған, жаңа астық шыққанға дейін әлі үш ай бар және бір айда ел бойынша 250 мың тонна бидай желінеді ", деп түсіндірді мәжіліс депутаты.

"Теория түрінде топшылайтын болсақ, 2009 жылы құрғақшылық болсын дейік, бірақ құрғақшылық орнағанның өзінде біздің елімізде 10 млн тонна бидайдан кем астық жиналған емес. Ал бұл елдің жылдық тұтыну көлемі, оған тұқым және бірнеше миллон тонна экспорты кіреді. Сонымен қатар, бүгінгі қар коммуналдық шаруашылық қызметтерінің жұмысын күрделендіре түскенімен шаруалар үшін қосымша ылғал болады ", -деді Р.Мәдинов.

Депутат "үкімет бидай экспортына тыйым салынғаны жөнінде жариялап, сонымен бірге елде қалған азық- түлік бидайын өкілетті орган арқылы сатып алуды неге жарияламады?", деген сауал тастады депутат.

"Көрші мемлекеттерде бидайға деген сұраныстың бар екен белгілі, сондықтан біз өзіміздің отандық ауыл шаруашылық өндірісшілеріміз бен көршілерімізге екі жақты көмек берер едік. Ирі кейбір екінші деңгейдегі банктер үкімет тарапынан шұғыл түрде бөлінген қаржыдан бас тартқан. Бұл қаржы бос жатыр ", -деді ол.

Сонымен қатар, ол "үкімет жоба түрінде зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтарға тікелей ақшалай қосымша көмек көрсетудің кешенді шараларын неге дайындамады "деп сауал қойды. Оның есептері бойынша бұл үшін "инфляцияны ескере отырып 10-15 млрд теңге қажет". "Сонымен қатар бидай экспорттаушылар оларға $10-15 көлемінде баж салығын салуды ұсынып отыр, бірақ бізді белгісіз жағдайда қалдырмаңдар деп отыр. Баж салығынан түсетін қаржы мөлшері субсидиялар үшін жеткілікті болады", - деп атап өтті ол.

"Үкімет жыл сайын өкілетті орган арқылы мемлекетке қажетті көлемде бидайды сатып алып, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты мәселені бір жола неге шешпейді. Іс жүзінде шаруалар мемлекет қоймаларына төмен бағамен мыңдаған тонна бидайды өткізеді. Ал бұл қоймалар қайда? Австралия, Канада елдеріндегідей шаруаларға бидай сатылғаннан кейін баға айырмашылығы неге қайтарылмайды ", -деп сұрақ қояды Р.Мәдинов.

Сонымен қатар депутат еске салғанындай, ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан әлемдегі бидай экспортын жасайтын бес мемлекеттік қатарында болуы керек деп нақты мақсат қойған ".

"Бұл мақсат бірнеше жыл бұрын қойылған болатын, біздің президент сол кезде бидайдың әлем бойынша маңызды өнімге айналатынын бағамдай білген. Қойылған мақсаттарды орындау үшін, жапа тармағай шаралардан бұрын ұзақ мерзімді тиянақты дайындалған бағдарлама қажет", - деп есептейді Р.Мәдинов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны