18.09.2012, 12:32 7835

Депутаттар Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың отставкаға кетуін талап етті

"Соңғы екі жыл ішінде министрлік - шенеуніктердің майшелдпегіне айналды. Ауыл шаруашылығы министрлігін жемқорлар ордасы десе де болады",- деп мәлім етті мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев.

Астана. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today - Депутаттар Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетсін. Себебі ауыл шаруашылығының жағдайы ушығып, ал шенеуніктері жатып ішер жемқорларға айналған. Бүгін Мәжілісте Үкімет сағатын өткізген аталмыш ведмство басшысына депутаттар осындай қатқыл сын айтты. Жыл сайын млрд-тап бөлінетін қаржы не игерілмейді, не көрінгеннің қалтасында кетіп жатыр дейді халық қалаулылар. Тек осы министрлікке қарасты "ҚазАгро" холдингінде жемқорлыққа қатысты 45 қылмыстық іс қозғалыпты.

Ала жаздай жаңбыр жаумай, еккен егіндері қурап кеткен шаруалар дабыл қағуда. Жағдай әсіресе еліміздің батысы, солтүстігі мен орталығында ушыққан. Бұл өңірлерде себілген егіннің жартысы күйіп кеткен. Қуаңшылық кесірінен жем-шөп қоры да жеткілікті деңгейде жиналмай, енді қыста малдың жаппай қырылатын түрі бар. Осы қиындықтарды жіпке тізіп, президент пен Үкімет басшысының атына хат жолдаған. Шаруалар қуаңшылықтан жапа шеккен аймақтарда төтенше жағдай жариялауды сұрап отыр. Осы ауыл шаруашылығына жауапты министрліктің жұмысы бүгін Мәжілісте де қатаң сынға ұшырады. Атқарылуы тиіс біраз жұмыстар жайына қалған, ал ведомство жемқорлық ордасына айналды дейді депутаттар.

"Не көп, бағдарлама көп, бірақ ол жақсы да шығар нәтиже жоқ сіздер сонда онсызда құрғақшылықтан шығандап жатқан халыққа не істемекшісіздер?", деді мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев.

"Соңғы екі жыл ішінде министрлік - шенеуніктердің майшелдпегіне айналды. Ауыл шаруашылығы министрлігін жемқорлар ордасы десе де болады",- деп мәлім етті мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев.

Жемқорлық деректерінің көптігін министр Асылжан Мамытбековтың өзі де мойындайды.

" Ондай қиындықтар бар, қазір оған қарсы күресіп жатырмыз. Оның үстіне біздің министрлік жан жақты құзырлы бақылаушылардан тұрады", деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Мәселен алдағы 5 жыл ішінде 60 мың тонна етті экспорттау жоспары бар. Бірақ бұл межеге жету әзірге ертегі сияқты көрінеді дейді депутаттар. Себебі биыл сыртқа сатқан етіміздің көлемі 200 тоннаға да жетпейді екен. Оның үстіне ауыл халқының ауыз су мәселесі де қиын болып тұр. Қаражаты бөлінсе де қара суға жарымай отырған ауылдар қатары әлі көп.

"Отставкаға кетсін министр. Тәртіпті орната алмай ауыз су құрылысытарына бөлінген 200 млрд теңгені игере алмай, ауыл халқын сусатып отырғаны үшін қызметінен кетсін", деді мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев.

Министр отставкаға кетсін деп отырған жалғыз Мұхтар Тінікеев емес, оны тағы бірнеше депутат қолдады. Ал Асылжан Мамытбековтың өзі болса барлығы реттеледі, алған бағытымыз дұрыс деп отыр.

"Үш адам айтса, парламент айтқан жоқ қой, менің ойымша істелініп жатқан жұмыс дұрыс, барлық жұмысты халықаралық стандартқа сәйкестендіріп жатырмыз. Ирине, бұрынғы қалыптасып қалған мүдделер бұзылып жатыр. Сол мүдделер бір жақтан болмаса бір жақтан осылай тесіліп шығады", деген мәлімдеме жасады ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Қазір министрліктің алдында тұрған негізгі жұмыс қуаңшылыққа қалған диқандарға көмектесу. Тиісті қаржыны тиімді пайдаланып, ұн өнімдерін қымбаттатып алмау деді ведоство басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны