06.09.2012, 09:52 3304

Депутаттар балалардың мектепалды білім алуына өтемақы төлеуді ұсынды

"Еліміздегі көптеген ата-аналар үшін балаларын мектепалды білім беру ұйымдарына беру белгілі бір деңгейде қиындық тудырады. Балалар тек шипажайлар мен арнайы мемлекеттік балабақшаларға ғана тегін түрде қабылданады. Осы мәселеге қатысты ҚР Премьер-Министріне депутаттық сауал жолдап отырмыз", - деп атап өтті депутат Дарья Клебанова.

Астана. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Депутаттар балалардың мектепалды білім алуына өтемақы төлеуді ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Еліміздегі көптеген ата-аналар үшін балаларын мектепалды білім беру ұйымдарына беру белгілі бір деңгейде қиындық тудырады. Балалар тек шипажайлар мен арнайы мемлекеттік балабақшаларға ғана тегін түрде қабылданады. Осы мәселеге қатысты ҚР Премьер-Министріне депутаттық сауал жолдап отырмыз", - деп атап өтті депутат Дарья Клебанова.

Депутаттың айтуынша, еліміздегі балалардың мектепалды білім беру ұйымдарымен қамтылу деңгейі 75 пайыздан асады. Депутат Д. Клебанова көршілес Ресейдегі өтемақы төлеу тәжірибесінен бірнеше мысалдар келтірді.

"Ресейде баланың ата-анасына немесе заңды өкіліне бір баласы үшін салған төлем мөлшерінің 20 пайызы, екінші баласына жұмсаған төлемнің 50 пайызы, үшінші баласына берілген төлемнің 70 пайызы, төртінші және одан кейінгі балаларына кеткен қаржының 100 пайызы өтемақы ретінде қайтарылады", - деп түсіндірген депутат бұл үрдіс әлемнің басқа да көптеген елдерінде айналымда бар екенін хабарлады.

"Баланың ата-анасына немесе заңды қамқоршысына балабақшаға төленген қаржының белгілі бір мөлшерін өтемақы ретінде қайтару мүмкіндігін қарауды ұсынамын", - деп түйіндеді депутаттық сауалды ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны