09.03.2022, 18:28 48996

Депутаттар энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды ұсынды

Депутаттар энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. 9 НАУРЫЗ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында депутат Жамбыл Ахметбеков ҚР премьер-Министрінің атына энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия құру қажеттігі туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан Халық Партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков өңірлерде бірқатар ірі апат болғанын еске салды. Ол Екібастұз МАЭС-1 және МАЭС-2-де орын алған төтенше жағдайды тілге тиек етіп, ЖЭО-2-дегі ірі апат СҚО тұрғындарын электр энергиясынсыз және жылусыз қалдырғанын айтты. Сонымен қатар Жезқазған ЖЭО-дағы жағдай қаланың жартысына электр энергиясын беруді шектеуге мәжбүрлегенін жариялап, Теміртау қаласының жылу желісіндегі олқылық жылумен қамтамасыз ету кезінде кедергі келтіргенін мәлімдеді.

Қазір электр және жылу энергиясын беру ісінде іркіліс жоқ өңірді атау қиын. Жабдықтар мен желілердің жағдайы сын көтермейді", – деді мәжілісмен.


Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда апат саны едәуір артты. Жылу мен жарық берудегі тұрақты іркіліс экономика мен әлеуметтік салаға зиян тигізіп жатыр.

Бұл жағдай аяқ астынан туындап жатқан жоқ. Алдын алу шаралары дұрыс жүргізілмей жатыр", – деді депутат.


ҚХП өкілінің пікірінше, Қазақстанға КСРО-дан мұраға қалған кеңестік инфрақұрылым өз ресурсын сарқып болды. Өкінішке қарай оны алмастыратын ештеңе жоқ. «Жасыл технологиялар» іс жүзінде өзін-өзі ақтамады.

Бізде энергетика саласында инновациялық төл өнім өндірілмейді. Салдарынан технологиялық тұрғыда артта қалып келеміз", – деді Жамбыл Ахметбеков.


ҚХП фракциясы іс-шараларды айқындау және оны іске асыру шараларын қабылдау үшін энергетикалық қауіпсіздік мәселесі жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды ұсынды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны