30.06.2014, 22:43 6639

Депутаттар мемлекеттік тілде заң жобаларын әзірлеуге дайындалу қажет - Қ. Жақыпов

"Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 2,5 мың заң қабылданды. Осы 23 жыл ішінде Үкімет бір де бір заңды мемлекеттік тілде дайындаған емес. Ал депутаттар қазақ тілінде екі заң жобасын ғана ұсынды", - деді ол.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Парламенті қос палатасының отырысында Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов депутаттарға барлық қазақстандықтарға үлгі көрсетіп, қазақ тілінде заң жобаларын әзірлеу керектігін айтты.

"Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 2,5 мың заң қабылданды. Осы 23 жыл ішінде Үкімет бір де бір заңды мемлекеттік тілде дайындаған емес. Ал депутаттар қазақ тілінде екі заң жобасын ғана ұсынды", - деді ол.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл сұрақ саяси пікірталас арқылы шешілуі тиіс, әрбір қазақстандық қазақ тілінде үйде де, түзде де сөйлесуі тиіс.

"Тек осындай жолмен ғана мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейеді. Осыдан шыға келе оның дамуына қосатын біздің бірден бір үлесіміз ол Парламенттің мемлекеттік тілде заң жобасын дайындауы", - деді Мәжіліс төрағасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны