08.01.2008, 19:18 3166

Депутаттар "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасын қарады

Депутаттар "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасын қарады

Астана. 8 қаңтар."Қазақстан Бүгін" - Бүгін мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті биылғы өзінің алғашқы отырысында "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасын қарады, деп хабарлайды агенттік мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасы жайында Ішкі істер министрінің орынбасары Алик Шпекбаев баяндама жасады.

Заң жобасы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне қарсы іс-қимыл жасау құқықтық шаралардың кешенін қамтиды. Осығын байланысты заң жобасында отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесудің пәрменді тетігі ұсынылып отыр. Заң жобасында ұсынылып отырған "отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласы" анықтамасы да жаңа болып табылады.

Елімізде 24 күйзеліс орталығы бар, оған жылына 17000 ана мен бала шағымданады, тіпті отбасында зәбір көрген еркектер де бар. Соған орай еркектерге кеңес беретін орталықтар Алматы, Астана, Шымкент және Қарағанды қалаларында ашылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны