11.04.2014, 19:52 3138

Депутаттар "жасыл" заңнаманың еуропалық тәжірибесін зерделейді

Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинардың мақсаты - "жасыл" экономика әдіснамасы саласында хабардар болуды және "жасыл" экономика принциптерін экономикалық саясатқа енгізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің еуропалық тәжірибесін арттыру.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау үшін және ҚР-ның "жасыл" экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдамасын ойдағыдай іске асыру мақсатында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (ҚР ҚОСРМ) "Жасыл Академия" Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ҚР Парламентінің депутаттары үшін "Жасыл" экономика саласында заңнамалық базаны жетілдіру" тақырыбына семинар-тренинг өткізеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинардың мақсаты - "жасыл" экономика әдіснамасы саласында хабардар болуды және "жасыл" экономика принциптерін экономикалық саясатқа енгізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің еуропалық тәжірибесін арттыру.

Семинар бағдарламасы мынадай тақырыптарды қамтиды: "жасыл" экономикаға көшудің еуропалық тәжірибесі,ҚР-да "жасыл" экономиканы дамытудың жай-күйі мен келешегі,табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды құқықтық реттеу тетіктері,ҚР-ның "жасыл" экономикаға көшу Тұжырымдамасын іске асыру процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.

Семинар жұмысына ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны