22.04.2020, 16:00 10722

Дезинфекция жұмыстары аяқталғаннан кейін әскери қызметшілердің тазалығы қалай қамтамасыз етіледі?

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, оның ішінде "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері жеке құрамы еліміздің барлық аймақтарында дезинфекциялық жұмыстарға тартылды.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Дезинфекция жұмыстары аяқталғаннан кейін әскери қызметшілердің тазалығы қалай қамтамасыз етіледі?

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, оның ішінде "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері жеке құрамы еліміздің барлық аймақтарында дезинфекциялық жұмыстарға тартылды.

Бүгінгі таңда "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің жеке құрамы еліміздің Батыс аймағының елді мекендерінде жаппай көп жиналатын орындарында залалсыздандыру жұмыстарын өткізуде. Өңдеуді жүргізу арқылы әскери қызметшілердің өздері денсаулығына зор қауіп төндіреді. Сондықтан әскери бөлімдердің басшылығы осы қауіптерді азайту үшін барлық қажетті шараларды ұсынады.

Бүгін біз кезекті дезинфекциялық жұмыстардан кейін жеке құрамды, олардың жабдықтары мен құрылғыларының қалай өңделетінің бақылаймыз. Осы мақсатта әскери бөлімдерде бірнеше іс-шарадан тұратын арнайы өңдеу бөлімшелері орналастырылды, атап айтқанда:

oБастапқы өңдеу пункті;

o жеке құрамды санитарлық тазарту бөлімі (жуу);

o киімді зарарсыздандыру орны;

o өңделген жұмыс киімдерін беру орны.

Сонымен, жеке құрам өз учаскелірін өңдеп болған соң, дезинфекциялау топтарының жетекшілері бұл туралы кезекші дәрігерге баяндайды.

Содан кейін кезекші дәрігер персоналды санитарлық өңдеуден өткізу және киім мен құралдар дезинфекциясының тәртібін түсіндіреді. Қысқа нұсқаудан кейін жеке құрам ИДК-ларды (жеке дезинфекция жинағы) көрсетілген орынға қояды.

Кейіннен жеке құрамның денсаулық жаңдайын тексеру мақсатында алғашқы медициналық тексерістен өтуге (термометрия) және қорғаныс киімдерін термоөңдеуден өткізуге тапсыруға арналған палаткаға бет алады.

Кезекші фельдшер әскери қызметшілердің денсаулығын тексеріп, дене температурасын өлшейді.

Бұл кезде кезекші дезинфектор ИДК-ны арнайы ерітіндімен сеуіп шығады, ал комбинезон термиялық өңдеуге жіберіледі.

Денсаулық жағдайын тексеру аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер моншаға жіберіледі, онда қолданылған киімді тапсыру және таза киімді беру жүзеге асырылады.

Термиялық өңдеу аяқталған соң, комбинезондар мен құрылғылар тарату пунктіне жеткізіліп, әскери қызметшілерге тапсырылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны