10.07.2026, 14:44 71516

"Әділет" партиясы Құрылтай депутаттығына 186 кандидатты бекітті

Кандидаттар тізіміне ғылым, білім, бизнес, өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, мәдениет, спорт және азаматтық қоғам өкілдері енген

"Әділет" партиясы Құрылтай депутаттығына 186 кандидатты және сайлауалды бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.


"Жаңа Конституция Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Ендігі басты мәселе - сол мүмкіндіктерді қалай пайдаланатынымыз. Елді өзгертетін - адамдар, олардың идеялары, жауапкершілігі, еңбегі және халқына қызмет етуге деген дайындығы. Бүгін біз осы жауапкершілікті өз мойнына алуға және алдағы сайлауда "Әділет" партиясының атынан қатысуға дайын кандидаттар командасын қалыптастырдық", - деді партия төрағасы Айбек Дәдебай.


Партияның мәліметіне сүйенсек, кандидаттар тізіміне ғылым, білім, бизнес, өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, мәдениет, спорт және азаматтық қоғам өкілдері енген.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында "Әділет" партиясының III кезектен тыс съезі басталды. Партия бұған дейін ұйымдық құрылымын қалыптастырып, өңірлік желісін құрып, басшылық органдарын жасақтады. Атап айтқанда, өңірлік саяси кеңестердің құрамына 808 адам, ал бақылау-тексеру комиссияларының құрамына 100 адам кірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны