26.10.2016, 10:23 2581

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев қытайлық әріптесімен кездесті

Тараптар кездесу барысында қауіпсіздік, діни экстремизмге және терроризмге қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтыӊ Қытай Халық Республикасыныӊ терроризммен күрес және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, ҚХР Коммунистік партиясы Орталық Комитетініӊ Саяси-заӊгерлік комитетініӊ аға өкілі Чэн Гопинмен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды комитет.

Тараптар кездесу барысында қауіпсіздік, діни экстремизмге және терроризмге қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетініӊ төрағасы Ғалым Шойкин қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны