24.02.2015, 17:52 4036

Дохада қазақстандық-қатарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Мұхаммед бен Салех Ил-Сада Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмеге және біздіӊ тараппен мұнай-газ секторындағы ынтымақтастықтыӊ мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Ү.ж. 22-23 ақпанда ҚР Қатар Мемлекетіндегі елшісі Асқар Шоқыбаевтыӊ Дінаралық диалог жөніндегі Доха халықаралық орталығыныӊ Төрағасы Ибрахим Салех Ил-Наимимен, ҚМ Уақыфтар және ислам істері жөніндегі министрі Ғайс бен Мубарак Ил-Кауаримен, ҚМ Энергетика және өндіріс министрі Мұхаммед бен Салех Ил-Садамен және ҚМ Орталық банк Төрағасы Шейх Абдалла бен Сауд Ил-Танимен кездесулері өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

А. Шоқыбаевтыӊ ҚМ Уақыфтар және ислам істері жөніндегі министрі Ғайс бен Мубарак Ил-Кауари және Ибрахим Салех әл-Наимимен болған кездесулері барысында ҚР Парламенті Сенатыныӊ Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтыӊ атынан 2015 жылғы 10-11 маусымда Астана қаласында өтетін Илемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларыныӊ V Съезіне шақыру хаттары табыс етілді. Қазақстандық дипломат Доха форумға жоғары деӊгейде қатысып, оныӊ жұмысына айтарлықтай үлес қосатындығына үміт артып отырғандығын атап өтті, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі

Қатарлық Министр мен Орталық банка басшысы Қазақстан Парламенті Сенаты Спикерініӊ шақыруына алғыспен қабылдады.

Мұхаммед бен Салех Ил-Садамен кездесу барысында А. Шоқыбаев сұхбаттасына Қазақстанныӊ әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы, сондай-ақ, халықаралық аренадағы еліміздіӊ жетістіктері туралы хабардар етті. Қазақстандық әлеуметтік-экономикалық салаға тоқтала отырып, Министрге Мемлекет Басшысыныӊ "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты халыққа жолдауынныӊ негізгі бағыттарымен таныстырып, мұнай бағасыныӊ төмендеуіне байланысты болып отырған кезекті экономикалық дағдарысқа қарсы Қазақстан Үкіметініӊ атқарып жатқан шаралары туралы айтып берді.

Мұхаммед бен Салех Ил-Сада Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмеге және біздіӊ тараппен мұнай-газ секторындағы ынтымақтастықтыӊ мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.

ҚМ Орталық банк Төрағасымен кездесу барысында ҚР Ұлттық банкі мен ҚМ Орталық банкі арасында толыққанды байланыстарды орнатудыӊ қажеттілігі туралы әӊгіме көтерілді. Осы ретте, А. Шоқыбаев қазіргі таӊда өз елініӊ исламдық қаржыландыруды дамытуға қызығушылық танытатындығын, осыған байланысты екі ел арасында осы бағыттағы ынтымақтастықтыӊ орасан зор келешегініӊ бар екендігін атап өтті.

ҚМ Орталық банк Төрағасы Қатар Мемлекетініӊ қаржылық жүйесі туралы айта отырып, ислам банкингін қоса алғанда, біздіӊ елімізбен қаржы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудыӊ қажеттілігін жеткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны