30.06.2008, 09:59 3493

Доллардың тұрақсыздығы көпполярлы қаржылық жүйені дамытудың қажеттілігін айқындай түсті - Назарбаев

Доллардың тұрақсыздығы көпполярлы қаржылық жүйені дамытудың қажеттілігін айқындай түсті - Назарбаев

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Доллардың тұрақсыздығы көпполярлы қаржылық жүйені дамытудың қажеттілігін айқындай түсті. Жексенбі күні ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-сессиясының пленарлық отырысының ашылуы барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысы АҚШ долларының айтарлықтай девальвациясы, әсіресе, Қытай, Жапония мен Еуропа елдеріне ауыр тиіп, оның дүниежүзілік резервтік валюта ретіндегі тұғырнамасының шайқалуына алып келгенін атап көрсетті. "Бұл көптеген елдерге жаһандық қаржылық механиздерге жаңаша көзбен қарауға итермелеп, олардың күн тәртібіне көпполярлық қаржылық жүйе жөніндегі мәселені шығарады", - деді ол.

Атап айтқанда, Н. Назарбаев Ресейдің 2020 жылға қарай рубльден өңірлік резервтік валюта жасауды жоспарлап отырғанын атап көрсетті. "Мұндай идеялар араб әлемінде, Латын Америкасында, Оңтүстік Шығыс Азияда да көрініс табуда", - деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны