01.12.2016, 11:02 4516

Дональд Трамп Мемлекет басшысымен жақын арада кездесуге мүдделілік білдірді

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарыныӊ сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті.

Астана. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарыныӊ сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Д.Трампты президент сайлауындағы жеӊісімен құттықтап, оған сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысына табыс тіледі.

АҚШ-тыӊ сайланған президенті Мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығымен құттықтады. Д.Трамп тәуелсіздік жылдарында республикамыз Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ басшылығымен таӊғажайып жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, әӊгіме барысында әлемдегі және Орталық Азия өӊіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Қазақстан Президенті еліміздіӊ ядролық қару-жарақтан өз еркімен бас тартып, ядролық қарусыз әлем жолындағы күресті халықаралық қоғамдастықпен бірлесе жалғастыратынын айтты.

Д.Трамп бұл ұстаныммен толықтай келісетінін жеткізді.

" Жаһандық деӊгейде шешілуге тиіс ядролық қарусыздану мен оны таратпаудан асқан маӊызды мәселе жоқ", - деді АҚШ-тыӊ сайланған президенті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Д.Трамптыӊ назарын Ресей мен Америка ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік беретін басты үш салаға аударды. Олар: терроризммен күрес, Украинадағы дағдарысты реттеу және жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту.

Ресей президенті В.Путинмен болған телефон арқылы сөйлесу қорытындысын ескеріп, АҚШ-тыӊ сайланған президенті Вашингтон мен Мәскеу ынтымақтастығын дамытудыӊ келешегіне өзініӊ зор үмітпен қарайтынын атап өтті.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, тараптар Қазақстан мен АҚШ-тыӊ достық қарым-қатынасын, соныӊ ішінде сауда-экономикалық серіктестікті жаӊа деӊгейге көтеруге әзір екенін мәлімдеді. Д.Трамп жақын арада екі көшбасшыныӊ кездесуін өткізуге мүдделілік білдірді.

Иӊгімелесу соӊында АҚШ-тыӊ сайланған президенті барша Қазақстан халқына республика тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы қарсаӊында игі тілегін жолдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны