03.06.2011, 16:12 3764

Досқалиевтің жалған ауыруына көмектескен дәрігерлердің үстінен қозғалған іс тоқтатылды

Бұрынғы денсаулық министрі Жақсылық Досқалиевке жалған инсультті сылтауратуға көмектескен дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс уақытша тоқтатылды. Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы қоғамдық палата отырысының сыртында ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Андрей Лукин мәлімдеді.

Астана. 3 - маусым. Kazakhstan Today - Досқалиевтің жалған ауыруына көмектескен дәрігерлердің үстінен қозғалған іс тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұрынғы денсаулық министрі Жақсылық Досқалиевке жалған инсультті сылтауратуға көмектескен дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс уақытша тоқтатылды. Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы қоғамдық палата отырысының сыртында ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Андрей Лукин мәлімдеді.

"Бұл қылмыстық іс заңнамаға сәйкес тоқтатылды. Сондықтан оған да (соңыра) заңдық баға беріледі", - деді А. Лукин. Бірақ қай заңнамаға сәйкес тоқтатылғандығы туралы хабарламады.

Сонымен қатар оның айтуынша, "жалған қорытынды беріп, оған қоса ауруды сылтауратуға жәрдемдескен Ұлттық ғылыми-медициналық орталық қызметкерлеріне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны