12.05.2015, 18:39 3568

Достастық елдері әскери қызметшілері арасындағы "Ынтымақтастық жауынгері" байқауыныӊ іріктеу кезеӊі аяқталды

Үміткер "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығында Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған достастық елдері армиясыныӊ әскери қызметшілері арасындағы "Ынтымақтастық жауынгері" әскери байқауға қатысу үшін іріктеу кезеӊі өтті. Бұл іс-шара "Біздіӊ Ұлы Жеӊіске қосқан үлесіміз!" атты ұранныӊ аясында өтті

Астана. 12 Мамыр. Kazakhstan Today - Үміткер "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығында Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған достастық елдері армиясыныӊ әскери қызметшілері арасындағы "Ынтымақтастық жауынгері" әскери байқауға қатысу үшін іріктеу кезеӊі өтті. Бұл іс-шара "Біздіӊ Ұлы Жеӊіске қосқан үлесіміз!" атты ұранныӊ аясында өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Байқау бірнеше әскери-кәсіби сайыстарды қамтыды. Атап айтқанда, "Кәсіпқой" сайысында байқауға қатысушыныӊ даярлық деӊгейі мен АРД кедергі жолағынан өтуі бағаланады, ал "Атлет" сайысы дене даярлығы бойынша көрсеткіштерді қамтыды (жеке кедергі сызығын, белағашта біріктірілген күштік жаттығулар игеру, 100 және 3000 метрге жүгіру, дәлдікке граната лақтыру). Сондай-ақ, "Мерген" атыс даярлығы бойынша жаттығулары (қаруды қалыпты атыс жағдайына келтіру, 4 УКС және АК-3 спорттық жаттығуын орындау), әскер тарихы туралы білім жарысы, "Ой-сана" халықаралық гуманитарлық құқықтық нормалары мен "Кавалер/Ханым" шығармашылық жарыстары өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ сарбаздары мен сержанттарыныӊ байқауы жоғарғы кәсіби білім, жауынгерлік шеберлікті және жеӊіске деген ерік-жігерді көрсетті. Байқауға келісішарт бойынша барлығы 75 әскери қызметші қатысса, олардыӊ ішінде 16 әскери қызметші қыз-келіншек бар.

Ерлер арасындағы жарыстыӊ қорытындысы бойынша 10810 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері жүлделі орынға ие болды. Аталған кешенді сынақтар бойынша кіші сержант Айдар Батырханов үздік деп танылды. Ал екінші орынды сержант Асылхан Ыдырысов иеленіп, үшінші орынды аға сержант Рүстем Қазми иеленді. Искери қызметші қыз-келіншектер арасында 44736 әскери бөлімніӊ әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Томирис Жұмина бірінші орынды жеӊіп алса, екінші орынды 36803 әскери бөлімініӊ әскери қызметшісі ефрейтор Татьяна Купцова, ал үшінші орынды 10181 әскери бөлімініӊ әскери қызметшісі ефрейтор Маржан Мәлікова алды.

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығында өткен байқау жеӊімпаздарына "үздік жауынгер" атағы беріліп, естелік сыйлықтарын табыс етілді.

Ағымдағы жылдыӊ маусым айында жарыс жеӊімпаздары Қарулы Күштердіӊ ауқымында өтетін жарыстарға қатысатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны