07.09.2007, 16:51 3205

Достастық мемлекеттерінің ІІМ министрлер кеңесінің отырысында сегіз құжатқа қол қойылды

Достастық мемлекеттерінің ІІМ министрлер кеңесінің отырысында сегіз құжатқа қол қойылды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. БАКУ. Бакуде Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлерінің кеңесі отырысының қорытындысы бойынша сегіз құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, "Қылмыспен күрес саласындағы ақпараттар алмасу туралы", "Ақпараттық технология саласындағы қылмыспен күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін көтеру туралы", "ТМД елдерінің Ішкі істер министрліктерінің орталықтандырылған есепке алуды құру, енгізу және пайдалануға қатысты өзара ақпараттық ықпалдастығы туралы", "Мамандарды дайындау саласындағы ынтымақтастық туралы" келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар, тараптар тұлғаларды мемлекетаралық іздеуді жүзеге асырудың бірыңғай ережесі туралы инструкцияға және т.б. құжаттарға қол қойды. Сондай-ақ, Изербайжан мен Ресей Өзбекстанмен арадағы Ішкі істер министрліктерінің 2008-2009 жылдарға арналған өзара ықпалдастығы туралы екіжақты хаттамаға қол қойды.

Изербайжанның Ішкі істер министрі Рамиль Усубов ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің Бакуде өткен отырысының қорытындысына қанағаттанатындығын айтып өтті. "Біз қылмыспен күрестегі күш-жігерімізді біріктіруде кезекті қадам жасадық. Антитеррорлық іс-қызметке байланысты проблемаларды қызу талқылау өтіп, транспорттық инфрақұрылымдардың, транспорт нысандарының антитеррорлық қауіпсіздігін, тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз етудегі келісілген күш-жігерімізді мақсатты пәрмендендіру қажеттілігі аталып өтті",- деді ол.

Изербайжанның ішкі істер министрінің айтуынша, осы өткен отырыс барысында "ТМД ең тиімді жұмыс істейтін жарғылық органдардың бірі" болып табылатын ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің іс-қызметіне жоғары баға берілді. Ол сондай-ақ, жалпы ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің іс-қызметі барысында Ішкі істер министрлігінің жедел-қызметтік іс-қызметіне қатысты 70-ке жуық келісімдер мен шешімдерге қол қойылғандығын хабарлады.

Министр ТМД елдерінің лаңкестікпен күрес саласында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгендігін де атап өтті. "Бірақ қауіпсіздіктің стратегиялық және тактикалық міндеттері бізге осы көп қырлы учаскедегі күш-жігерімізді одан әрі өсіруіміздің қажеттігін нұсқауда",- деп қосты ол.

Оның айтуынша, кездесу барысында сондай-ақ ақпараттық технология саласындағы қылмыстармен күресуге үлкен көңіл бөлінген. "Осы саладағы қол сұғушылық күннен-күнге қауіпті бола түсуде, экономикаға, қаржы және банк іс-қызметіне қауіп төндіріп, саудадағы адамдарға, қару-жараққа, заңсыз көші-қонға, балаларды жаныстық мақсатта пайдалануға өз әсерін тигіп отыр. Біздің міндетіміз - жоғарғы технологияға байланысты кез-келген криминалдық көріністерге бірлесе қарсы тұру",- деді министр.

Сонымен қатар, отырыста Ішкі істер министрліктерінің ынтымақтастығының ұйымдастырушылық-құқықтық базасын жетілдіру мәселесі де қаралған.

Ресейдің ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев те ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің Бакуде өткен отырысының қорытындысына жоғары баға берді. "ТМД елдерінің ішкі істер органдарына қылмыспен күресте одан да жақсы жетістіктерге жетулеріне мүмкіндік беретін бірқатар құжаттарға қол қойылды",- деді министр.

Ол сондай-ақ, ресейлік өкілдер 2008 жылдың екінші жартысында ТМД елдерінің аумағында "Жолаушы" кодты атаумен біріккен кешенді іс-шара жүргізу туралы ұсынысты қолдағандығын хабарлады.

ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің келесі отырысы 2008 жылы Грузияда өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны