15.04.2016, 18:42 7443

ДСИМ: Медицина қызметкерлерініӊ кәсіби жауапкершілігін сақтандыру енгізілуі мүмкін

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медицина қызметкерлерініӊ кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізуге ниетті. Вице-министр Ержан Біртанов қателігі үшін бас бостандығынан айырылған екі дәрігерге қатысты мәселеге орай осындай пікір білдіреді

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медицина қызметкерлерініӊ кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізуге ниетті. Вице-министр Ержан Біртанов қателігі үшін бас бостандығынан айырылған екі дәрігерге қатысты мәселеге орай осындай пікір білдіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қаза болған әйелдердіӊ туыстарына шын ниетіммен көӊіл айтамын. Ал дәрігерлерге тағайындалған жаза тым қатал деп санаймын. Дегенмен, бұл сот шешімі. Заӊда белгіленген тәртіппен аппеляцияға беру қажет", -деп жазды ол Facebook парақшасында, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бұдан бөлек, вице-министр проблеманы жан-жақты талдауға уәде беріп, "әсіресе пациенттер өліміне немесе олардыӊ денсаулығына залал тигізетін оқиғаларға байланысты медицина қызметкерлері әрекетін бағалаудағы әділдік пен объективтілікке қол жеткізуге бағытталған" заӊнамаға тиісті өзгерістер енгізуге кірісетінін айтады.

"Дәрігерлер мен медбикелер әрекеттерініӊ кәсіби құзыреті мен құқықтылығын бағалауда медқызметкерлер қауымдастығыныӊ рөлін арттыратын боламыз. Медқызметкерлердіӊ кәсіби жауапкершілігіне сақтандыруды енгізуге ниеттіміз", - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай 11 сәуірде Астана қаласында №2 перинатальды орталықта босану барысында ажал құшқан әйелдіӊ өліміне байланысты дәрігерлерге сот үкімі шыққан болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны