17.07.2014, 21:01 3088

ДСМ елге тасымалданатын дәрі-дәрмекті бақылайды - министр

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Салидат Қайырбекова ведомствоның дәрі-дәрмекті контрафактілік өнімдерден сақтау үішн бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Салидат Қайырбекова ведомствоның дәрі-дәрмекті контрафактілік өнімдерден сақтау үішн бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

"Қазіргі таңда республикада фальсификацияның пайда болу қауіптерін жоққа шығара алмаймыз. Бұл үрдіс жалпы әлемдік деңгейдегі фальсификацияның үдеуіне байланысты. Қазақстанда медициналық өнімге деген көзқарас пен оны пайдалану қағидасы еуропалық қауымдастықтың стандарттарына барынша жақын", - дейді еліміздің бас дәрігері.

Сонымен қатар соңғы он жылда жан басына шаққандағы дәрі-дәрмек тасымалы республика бойынша 4 есеге өскен.

"Қазақстанға тіркеуге әкелінген дәрі-дәрмектің 1,5 мың түрі өзінің сапасы, қауіпсіздігі мен артықшылықтарын сақтап қала алды. Ал 97 түрлі дәрі-дәрмек, былайша айтқанда 1 млн 300 мың қаптама, шамамен 11 мың кг субстанция қауіпсіздік және сапа бақылауынан өте алмады. Бұл дегеніңіз нарықтың барынша қатаң бақылауда екенінен хабар береді", - дейді министр.

Министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан ҚР Қылмыстық кодексіне контрафактілік және фальсификатты өнім таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс айтылған.

Қазақстанның Сынақ орталығының Еуропалық фармакопея дәрілік заттарының сапасын бақылау жөніндегі ресми зертханалардың Еуропалық желісіне (OMCL) кіруіне дайындық жүргізілуде, деп бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау мнистрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

"Сынақ орталығын аккредитациялауға және оның Еуропалық фармакопея дәрілік заттарының сапасын бақылау жөніндегі ресми зертханалардың Еуропалық желісіне (OMCL) кіруіне дайындық жүргізілуде, бұл сынақ нәтижелерімен өзара алмасу арқылы зертханалардың, контрафактілік және жалған дәрілік заттар бойынша халықаралық деректер базасына қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді", - деді сөз басында С.Қайырбекова.

Сонымен қатар, ведомсвто басшысы импортқа жоғары тәуелділіктің, Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде медициналық өнімнің еркін ауысуының арқасында сақталып келе жатқан жалған өнімдердің дүниежүзі бойынша айналымының өсу үрдісін ескере отырып, Министрлік айналыс процесіндегі медициналық өнімді бақылауды күшейтуге ерекше көңіл бөлуде, -деп атап өтті.

"Жалған өнім бойынша халықаралық дерекқорға Сынақ орталығының Еуропалық Фармакопея дәрілік заттарының сапасын бақылау жөніндегі ресми зертханалардың Еуропалық желісіне(ОМСL) 2015 жылдың соңына қарай кіру шеңберінде қол жеткізуге болады", - деп министр өз ойын толқытырды.

Денсаулық сақтау министрігінің мәліметі бойынша, көрсетілген кезеңде жалған өнім алынып, барлығы 2,5 млн. теңгеден аса сомаға айыппұл салынды.

Дәрілік перпараттарды дәрігердің нұсқауысыз пайдаланбаған жөн, - деп ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова кеңес берді.

"Қазақстан үшін түйіткілді мәселелердің бірі дәрі-дәрмектерді ғаламтор арқылы тарату болып отыр. Өкінішке орай, тұрғындар дәрілерді жарнама бойынша ғаламтор арқылы сатып алуды доғарар емес. Зерттеу нәтижесіне сүйенетін болсақ, халықтың 42% жарнама бойынша дәрілік заттарды сатып алады екен. Сонымен қатар, әр екінші қазақсатндық дәрігердің нұсқауысыз дәрілік заттар мен антибиотиктерді қолданады. Оның үсіне, статистика бойынша ғаламтор арқылы өткізілетін дәрілік заттардың 50%-ның сапасын растайтын құжаты жоқ", - деді С. Қайырбекова.

Ведомство басшысының айтуынша, емделу уақыты 1- 4 күн (32%), 5-7 күн (36%), 8 және оданда көп күндер бойы (20%) науқас емделу курсын сақтамайды.

Бір науқасқа орташа есеппен 3 препараттан жазылады. Алайда, бұл тым көп және алларгиялық асқынуларға алып келуі мүмкін.

"Қандайда бір дәріні сатып алу барысында ең алдымен оның лицензиясына көз жүгірту керек. Сонымен қатар, аннотациясында оқыған абзал. Ондағы жазбалардың анықтылығына, түсініктілігіне де мән берген дұрыс. Негізі, дәрілік препараттарды дәрігердің нұсқауысыз пайдаланбаған жөн", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны