25.04.2014, 19:14 4684

ДСМ сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесін талқылады

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Бас Прокуратурасымен бірлесіп, сот сараптамалары өндірісі мерзімі есебінің автоматтандырылған жүйесін Астана және Оңтүстік Қазақстан филиалдарында қанатқақты режімде енгізді.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысы өтіп, денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары, республиканың психиатриалық қызметін жетілдіру және 2013 жылы республикалық бюджеттің орындалуы бойынша қорытындылары талқыланды.

Лауазымды тұлғалармен байланысты болдырмау мақсатында құжаттарды "бір терезе" қағидасы бойынша қабылдау және беру қарастырылған. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркеу" қызметі электрондық форматта көрсетіледі. Астанада және Ақмола облысында "Дәрігерді үйге шақыру", "Дәрігерге қабылдауға жазылу" қызметтері қанатқақты режімде көрсетілуде, деп ведомствода хабарлады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның пайда болуына ықпал ететін себептерді жою - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басым бағыттарының бірі. 2011 жылдан республика бойынша үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қатысуымен Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестер және денсаулық сақтау саласында азаматтардың арыз-шағымдарын қарау комиссиялары құрылды. 2013 жылы олардың құрамындағы ҮЕҰ үлесі 31% құрады.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттарға негізделген біліктілік емтихандары процедуралары жетілдірілуде. Дәрігерлердің білімін және машықтарын бағалау республикалық орталығы симуляциялық технологияларды пайдалана отырып өткізетін шараларға ерекше маңыз беріледі.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Бас Прокуратурасымен бірлесіп, сот сараптамалары өндірісі мерзімі есебінің автоматтандырылған жүйесін Астана және Оңтүстік Қазақстан филиалдарында қанатқақты режімде енгізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны