11.05.2014, 19:50 3354

ДСМ "ұйқы дертіне" шалдығу себебі бойынша 7 мыңға жуық зерттеу жүргізді

2013 жылдың қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі "ұйқы дертінің" пайда болу себебін анықтау бойынша 7 мыңға жуық зерттеу жүргізді.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі "ұйқы дертінің" пайда болу себебін анықтау бойынша 7 мыңға жуық зерттеу жүргізді.

"Радиациялық медицина және экология" ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Апсаликов Қ.Н. жетекшілік еткен жұмыс тобы кенттің табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамасын зерделеп, экологиялық зерттеулер, дәрігерлердің көмегіне жүгінген адамдардың медициналық құжаттарын сараптады.

Сондай-ақ, Красногорский ауылының тұрғындары медициналық тексеруден өткізілді.

Радиациялық фонның, ауыр металдар тұзының шекті концентрациясының артуы анықталған жоқ. Бактериялық және вирусологиялық сараптамалар теріс нәтиже көрсетті, деп Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.

"Ауру маусымға қарай, негізінен желтоқсан айының соңы мен наурыздың басында пайда болады. Жұмыс тобы сараптама нәтижелері негізінде ауру белгілерінің пайда болуына жылу маусымында жертөлелерде және желдетілмейтін тұрғын үйлерде жиналып қалатын буланудың жоғары концентрациясы себеп болды деген алдын ала қорытынды жасап отыр. Ауруханаға жеткізілген науқастар тұратын үйлерде (оның ішінде жертөлелерде) жасалған сараптамалар соны көрсеткен", - делінген хабарламада.

Таралу көзін анықтау қажеттігі есепке алына отырып, материалдар ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі жанындағы ведомствоаралық комиссияға берілді.

Ұлттық ядролық орталықтың өңірдегі жұмысы жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны