11.04.2018, 16:19 4066

Дубайда "Annual InvestmentMeeting" халықаралық конференциясында Қазақстанныӊ павильоны ұсынылған

Дубай қаласында Дүниежүзілік сауда орталығында сәуірдіӊ 9 мен 11 аралығында "Annual InvestmentMeeting" халықаралық конференциясы өтеді. "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы еліміздіӊ инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетіп, іскерлік кездесулерді өткізу мүмкіндігімен қазақстандық павильонды ұсынды

Астана. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Дубай қаласында Дүниежүзілік сауда орталығында сәуірдіӊ 9 мен 11 аралығында "Annual InvestmentMeeting" халықаралық конференциясы өтеді. "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы еліміздіӊ инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетіп, іскерлік кездесулерді өткізу мүмкіндігімен қазақстандық павильонды ұсынды.

AnnualInvestmentMeeting (AIM) әлемде халықаралық инвестициялық қоғамдастықтыӊ диалогтық алаӊшасы ретінде әйгілі, ірі жыл сайынғы инвестициялық конференция болып табылады. Инвестициялық конференцияныӊ бағдарламасы цифрландыру саласыныӊ қимасында, индустрия 4.0, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және инвестицияларды тарту бойынша әлем стратегияларыныӊ тақырыптарында бір қатар пленарлық сессияларды қамтиды.

"Қазақстан мен БАИ-ніӊ қатынастарыныӊ тарихы үлкен. Біз осы биылғы іс-шарада қазақстандық делегацияны қарсы алуға қуаныштымыз. АІМ көрмесініӊ басшылығы Қазақстанныӊ делегациясына кездесуді сәтті өткізу үшін қолдау көрсетуге дайын. Бұл Қазақстанға трансұлттық компанияларды тартуға арналған үлкен платформа. Біз сіздердіӊ осы іс-шарадан барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізгендеріӊізді қалаймыз", - деді "AnnualInvestmentMeeting" президенті Дауд Аль Шезави.

Қазақстандық делегацияны 15-тен аса ірі отандық компаниялардыӊ басшылары, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардыӊ өкілдері ұсынады.

Бұдан басқа, форумныӊ алаӊдарында 141 шет елдерініӊ қатысуымен елдік павильондардыӊ көрмесі өтіп жатыр.

Қазақстан Республикасы павильоныныӊ аумағында шет елдерініӊ бизнес қоғамдастықтарымен елге инвестицияларды тартуға қатысты екі жақты кездесулерді өткізу мүмкіндігімен "Kazakh Invest" ұлттық көрме павильонымен ұсынылған.

"Біз Дубайдағы Дүниежүзілік сауда орталығында Қазақстан павильонына бардық, өйткені естуіміз бойынша Қазақстанда бизнес пен нарық өте дамыған және біз Сіздердіӊ еліӊіздерінде бизнесіміздіӊ болғанын қалаймыз. Қазіргі уақытта біз бүкіл әлем бойынша бизнес серіктестерді іздеудеміз, әсіресе Таяу Шығыста, Италияда, Қазақстанда, Ресейде. Біз Дубаида дамып келе жатырмыз және бізге жаӊа серіктестермен бизнесті ашу керек", - деп айтты қазақстандық павильонына келуші, "AT WORLD Holding" компаниясыныӊ өкілі Махмуд Шалаш.

"Қазақстан Республикасы мен үшін әрқашан қызық болатын. Қазақстанда украиндік бизнес өте көп, көптеген украиндіктер жұмыс істеп жатыр, яғни қарым-қатынас жеткілікті жақсы, сондықтан мен павильонға Қазақстандағы doing businessпроцестері туралы көбірек білу үшін келдім, және мүмкін біз ортақ түйісу нүктелерімізді табамыз", - деп "Task Force" украинлақы компанияныӊ басшысы Станислав Горбачевский белгілеп өтті.

"Kazakh Invest" ұйымдастырған Қазақстан павильоныныӊ жұмысы Дубайда "AnnualInvestmentMeeting" екінші өткізу күні бүгін де жалғасады. Одан басқа, бүгін Қазақстанныӊ АІМ сессиясыныӊ аясында инвестициялық мүмкіндіктерініӊ презентациясы, сонымен қатар "Kazakh Invest" басшылығыныӊ еӊ ірі араб компанияладыӊ өкілдерімен бір қатар екі жақты кездесулерді өткізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны