13.05.2014, 20:45 1528

Дубайдағы "Arabian Travel Market" көрмесінде Қазақстан өзінің туристік әлеуетін таныстырды

Көрме аясында елдің туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан барған делегаттар таныстырды, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті Біріккен Араб Имірлігі астанасындағы "Arabian Travel Market - 2014" халықаралық туристік көрмесінде Қазақстанның стендін таныстырды.

Көрме аясында елдің туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан барған делегаттар таныстырды, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті.

Көрмеге туризм индустриясының барлық құрылымдары - халықаралық туризм федерациялары, ұлттық және өңірлік туристік ұйымдар, туристік және транспорттық агенттіктер мен туроператорлар, қонақ үйлер, сақтандыру компаниялары жән өзге де ұйымдар қатысты. Биылғы жылы көрмеге әлемнің 135-тен астам елінен шамамен 20 мыңдай адам қатысты.

ҚР ИЖТМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиевтің айтуынша, жұмыс барысында Қазақстан әлеуетті инвесторлардың қызығушылықтарын оятты. Бірінші кезекте, Маңғыстау облысындағы Кендерлі демалыс орны мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қасқасу тау-шаңғысы демалыс орнын дамыту жобасы олардың назарына ілікті. Сонымен қатар, қазақстандық өңірлер өз әріптестерімен туризм саласындағы келіссөздерге қол қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны