01.07.2010, 18:02 3506

Дүниежүзі жаңа экологиялық қауіпсіздік технологиясын қажет етеді Назарбаев

"Экология мәселесіне тоқталатын болсақ, біз экономикалық өсімді қуалап жүргенде экология мен климат мәселесін назардан тыс қалдырсақ, жақында Мексика шығанағында болған апат - бізді күтіп тұрған қайғылы оқиғалар салдарының ескертуі", деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today Дүниежүзі жаңа экологиялық қауіпсіздік технологиясын қажет етеді. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан ІІІ Астана экономикалық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Экология мәселесіне тоқталатын болсақ, біз экономикалық өсімді қуалап жүргенде экология мен климат мәселесін назардан тыс қалдырсақ, жақында Мексика шығанағында болған апат - бізді күтіп тұрған қайғылы оқиғалар салдарының ескертуі", деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президенттің пайымдауынша, әлемге жаңа экологиялық қауіпсіздік технологиялары мен осы технологияларды алмасу шаралары қажет, сондай-ақ қайта қалпына келтірілетін энергия көздерін кеңінен пайдалануды ретке келтіру шарт.

Осы тұрғыда Елбасы жақында Қазақстан "Еуропа мен Азия арасындағы жасыл көпір" деп аталатын жаңа экологиялық декларацияны құру бастамасын көтергенін еске салып өтті. "Бұл өз кезегінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы үдерісті жылдамдатуға, жасыл экономиканы қалыптастыруға мүмкіндік береді", деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны