26.02.2015, 00:24 3751

Дүниежүзілік Банк делегациясымен кездесу туралы

Бүгін Қазақстан Бас Прокурорыныӊ бірінші орынбасары И.Меркельдіӊ Дүниежүзілік Банк делегациясымен кездесуі болып өтті, онда сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасыныӊ маӊызды іс-шараларыныӊ жүзеге асырылуы талқыланды

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Бас Прокурорыныӊ бірінші орынбасары И.Меркельдіӊ Дүниежүзілік Банк делегациясымен кездесуі болып өтті, онда сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасыныӊ маӊызды іс-шараларыныӊ жүзеге асырылуы талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

И.Меркель сот төрелігініӊ мүмкіндіктері мен тиімділігін арттыру, ақпараттық технологияларды дамыту мен бизнес үшін құқықтық ортаны жақсарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға мүдделілігін білдірді.

Кездесуде құқық бұзушылықтыӊ жүйелі профилактикасын әзірлеу, құқық қорғау органдарын жаӊғырту, соныӊ ішінде кадр саясаты тұжырымдамасы бойынша шараларды жүзеге асыру, электрондық білезіктерді өндіруді ұйымдастыру, жекеніӊ және мемлекеттіӊ серіктестігі негізінде камералық сипаттағы түзеу мекемелерін салу, "е-айыппұл" бірыӊғай ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асырудыӊ өзекті мәселелері талқыланды.

Жобаны жүзеге асыруға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану әӊгіменіӊ бөлек тақырыбына айналды.

Дүниежүзілік банк делегациясыныӊ жетекшісі Амитабх Мухерджи Жобаны жүзеге асырудағы қазақстандық прокуратураныӊ рөлін жоғары бағалап, қаражатты тиімді пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екенін растады.

Тараптар болып өткен кездесудіӊ қалыптасқан қарым-қатынастыӊ одан әрі дамуы жолындағы жоғары маӊыздылығын, оныӊ келешекте Қазақстанныӊ жаӊа құқықтық дамуындағы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны