10.04.2014, 19:49 3201

Дүниежүзілік банк өкілі ХХІ ғасырда Қазақстанға керек негізі 3 машықты атады

PISA-2012 қатысу нәтижесіне және Дүниежүзілік банктің ҚР орташа білімнің ахуалы туралы зерттеуіне арналған баспасөз конференциясында оқушының жеткен жетістіктеріне бағалау және мониторинг жүргізу бойынша сарапшы, Дүниежүзілік банк өкілі Марк Зельман ХХІ ғасырда Қазақстанға керек негізі 3 дағдыны атады.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. PISA-2012 қатысу нәтижесіне және Дүниежүзілік банктің ҚР орташа білімнің ахуалы туралы зерттеуіне арналған баспасөз конференциясында оқушының жеткен жетістіктеріне бағалау және мониторинг жүргізу бойынша сарапшы, Дүниежүзілік банк өкілі Марк Зельман ХХІ ғасырда Қазақстанға керек негізі 3 дағдыны атады.

"Мен оларды 3 "С" деп атар едім, себебі олардың атауларының барлығы осы әріптерден басталады. Біріншіден "Communication" (әңгімелесу), ЭСДҰ-ның (Экономикалық серіктестік және дамыту ұйымы) мәліметі бойынша ол маңыздылығы жағынан 81% құрайды. Екіншіден "Сreative" (креативтілік) маңыздылығы жағынан 75% қамтиды, ал үшіншіден "Сritical thinking" (сыни ойлау) 58%болды", - деп М. Зельман атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанда жоғарғы оқу орындардың түлектерін жұмысқа алуда әңгімелесу бойынша тапшылық 80% болса, креативтілік пен сыни ойлау бойынша тапшылық 70% құрады.

Айта кетерлік жайт, PISA бағдарламасы үш жылда бір өткізіледі және онда үш зерттеудің бірі: математикалық сауаттылыққа, жаратылыстану ғылымдары мен оқу мүмкіншілігі бағыттарына басымдылық берілген.

Зерттеу барысында оқып жүргендердің аргумент айту, проблеманы құру және шешу, модельдеу, нәтижені беруде түрлі әдістерді пайдалану біліктілігі бағаланады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан PISA 2009 және 2012 жылы қатысты.

2012 жылдың нәтижелері математика және жаратылыстану салаларында прогресті көрсетті. Алайда оқу яғни мәтінді оқу, ақпаратты құбылту, онымен жұмыс істеу салаларында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Математика көрсеткіштері бойынша (зерттеуге негізі 8 сынып оқцшылары қатысқан) Қазақстан 49 орында болса, жаратылыстанудан 52, оқудан 60 орындарға жайғасқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны