22.06.2015, 16:58 3658

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздердіӊ аяқталуына байланысты Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан халқына үндеуі

Еліміз аса маӊызды тағы бір тарихи оқиға қарсаӊында тұр. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді табысты аяқтадық

Құрметті қазақстандықтар!

Астана. 22 Маусым. Kazakhstan Today - Еліміз аса маӊызды тағы бір тарихи оқиға қарсаӊында тұр. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді табысты аяқтадық, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздіӊ экономикамызды жаӊа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздыӊ шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердіӊ кеӊ ауқымына таӊдау жасауға жол ашады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгінде сауда-саттығымыздыӊ 90 проценті Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Жаӊа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады. Біз бұл нәтижеге жету үшін 19 жыл табанды түрде жұмыс жүргіздік, келіссөздер оӊай болған жоқ. Осы жылдары біздіӊ үкімет және сарапшыларымыз елімізге тиімді шарттарға қол жеткізу үшін талмай еӊбек етті. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтыӊ талаптарын ұштастыра алдық. Бұл ретте ұлттық мүдделерімізді де қорғай білдік.

ДСҰ-ға мүше болу - күллі Қазақстанныӊ жеӊісі. Бұл - еліміздіӊ жаһандық экономиканыӊ бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуыныӊ айғағы. Ұйым мүшелігіне Бес халықтық реформаны іске асыруға кіріскен кезеӊде қадам басуымыздыӊ символдық мәні бар.

Біз жаһандық нарық шарттарына сай болу үшін үлкен дайындықтан өттік. Отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасадық. Бірыӊғай кедендік және экономикалық кеӊістікте шыӊдалдық. Алдымызда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бәсеке күшейеді. Оған дайын болуымыз керек. Себебі, шетелден келетін тауарларға біз шекарамызды ашамыз, тауар Қазақстанға көптеп келетін болады. Сапасы жоғары болса, бағасы төмендеу болса, ол тауарларды халық тұтынып, біздіӊ тауар өндіретін кәсіпорындар жұмысыныӊ тоқтап қалу қаупі бар. Барлық бизнесмендерге меніӊ талайдан бері айтып келе жатқаным сондықтан: бәсекеге сай болу керек.

ДСҰ беретін артықшылықтарды пайдалана білетінімізді дәлелдеу қажет болады. Бұл Қазақстанныӊ қолынан келеді және біз әлемніӊ озық елдері қатарынан лайықты орын аламыз деп кәміл сенемін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны