08.04.2014, 20:02 2745

Душанбеде Орталық Азия елдерінің өкілдері экология саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Душанбеде Аралды құтқару халықаралық қорын тұрақты дамыту бойынша Мемлекетаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan today. Душанбеде Аралды құтқару халықаралық қорын тұрақты дамыту бойынша Мемлекетаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Қазақстан, Тәджікстан, Түркменстан мен Өзбекстанның делегациялары аймақтық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылап, қажетті шоғырландырылған шешімдерді қабылдады, деп ҚР Қоршаған орта және су ресустары министрлігінен хабарлады.

Алқа отырысы барысында МТДК жанынан Аймақтық қоршаған ортаны қорғау жоспары - су ресурстарының ластану проблемалары бойынша басымдылыққа ие бағыты аясында жұмыс істейтін жұмыс тобын құру мәселесін қарап шықты.

Ынтымақтастықтың бұл сала бойынша одан ары дамуы Орталық Азия елдеріндегі су сапасына қатысты бірлескен шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Осы ретте БҰҰ ЕЭК бірлесіп су ресустарының ластануы бойынша жұмыс тобының жоба қағидасы мен техникалық тапсырмасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, келелі кеңесте МТДК шеңберінде "жасыл" экономика саласында ынтымақтастық мәселелері қаралып, осы сала бойынша өзара әрекеттердің тиімділігі сарапталды.

Бұл мәселемен таныстыру барысында қазақстандық тарап МТДК-ның мүшелерін "Жасыл көпір" бағдарламасы аясында Хартияға ену процесімен кеңірек таныстырып, оған мүшелікке өтуге үгіттеді.

Сондай-ақ, қазақстандық тараптың ұсынысы аясында МТДК порталында үздік жасыл тәжірибелерді, технология мен ақпаратты жинау бойынша бөлім ашу, сонымен қатар, "жасыл" экономиканы жүргізу бойынша оқытатын бағдарламаларды құру мен іске асыру мәселесін пысықтау керек деп шешілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны